«БАТЫС ЕУРОПА – БАТЫС ҚЫТАЙ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАНЗИТ ДӘЛІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Авторлар

  • Мадина Нұрланқызы Байсакалова

Кілт сөздер:

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы, тразиттік коридор, Батыс Еуропа – Батыс Қытай, экономикалық ынтымақтастық, Қазақстан Республикасының заңнамасы, Сауда рәсімдерін оңайлату туралы келісім

Аңдатпа

Бұл мақала «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» транзиттік коридорының шеңберінде Қазақстанның транзиттік әлеуетін жүзеге асыру және дамыту мәселелерін көтереді. Егер жоба сәтті жүзеге асырылған жағдайда, Қазақстан мен Қытай үшін қандай әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктер пайда болатынын қарастырады.

 Мақалада Қытай Үкіметінің транзиттік коридорды жүзеге асыру шеңберіндегі стратегиялық бағыттардағы экономикалық ынтымақтастықты жақсарту жөніндегі ұсынымдары талданды.

Қазақстанның транзиттік әлеуеттін дамытуға кедергі келтіретін проблемалық мәселелер мен факторларды зерттейді. Көлік, кедендік реттеу және транзит саласындағы нормативтік-құқықтық сипаттағы құжаттарды қарастырады және талдайды. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің транзиттік дамыту мен кедендік операцияларды оңтайландыру, электронды декларациялау, транзиттік декларация ретінде аванстық ақпаратты пайдалану, кеден органымен тауарларды жіберу мерзімдерін қысқарту ережелері қарастырылып талданады.

 Сауда рәсімдерін оңайлату туралы Дүниежүзілік сауда ұйымы келісімінің ережелерін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» транзиттік коридорының шеңберінде қолдануын талдайды. Соның ішінде, кемсітпеушілік, ұлттық режимді қамтамасыз ету, транзиттік трафик үшін жекелеген инфрақұрылымды ұсыну, транзит құжаттарын алдын-ала рәсімдеу және өңдеу, транзит бойынша ұлттық үйлестірушіні тағайындау, халықаралық стандарттарды қолдану, транзит квоталарының болмауы, аймақтық транзиттік келісімдерге қолдау көрсету мәселелері.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында транзиттің тиімді дамуына қатысты ұсыныстар береді.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2018

##submission.howToCite##

Байсакалова , М. Н. (2018). «БАТЫС ЕУРОПА – БАТЫС ҚЫТАЙ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАНЗИТ ДӘЛІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 5(54). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/326