ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ПАРЛАМЕНТТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕЛУІ

Авторлар

  • Майгүл Хафизқызы Матаева

Кілт сөздер:

Парламент, Сенат, Мажилис, Жогорку Кенеш, Меджлис, Маджлиси Оли, Маджлиси намояндагон, Олий Мажлис, Заң шығарушы палата, өкілді орган, бақылау функциялары, сайлану тәртібі, өкілеттіктер мерзімі, заң шығару бастамасы.

Аңдатпа

Ұсынылып отырған мақалада салыстырмалы-құқықтық тұрғыдан жоғары өкілді органдардың конституциялық-құқықтық регламенттелуі тұрғысынан Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің қолданыстағы негізгі заңдары талданады. Бірқатар елдердің заң шығару органдарын қалыптастырудың оң халықаралық тәжірибесін ескере отырып, Орталық Азия елдерінің парламенттері туралы түсініктік, құрылымдық, депутаттардың сайлану тәртібі мен мерзімдері, олардың өкілеттіктері, заң шығару бастамасы құқығы, парламенттердің биліктің атқарушы тармағына әсері, олардың бақылау өкілеттіктері және осылар бойынша конституциялық нормалар салыстырылды.

  Осының негізінде зерттелетін мемлекеттердің парламенттері арасындағы кейбір айырмашылықтар анықталды: палаталардың саны бойынша; палаталардың құрамы бойынша; сенаттарды қалыптастыру тәртібі бойынша; парламенттер палаталары депутаттарының жасы бойынша; сенаторларға қойылатын талаптар бойынша; президенттер тағайындайтын Сенаттар мүшелерінің саны бойынша; заң шығару бастамасы құқығы бар субъектілер бойынша; бақылаушы функциялар бойынша.

  Конституциялық нормаларды талдау Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің өкілді органдарының қалыптасуы мен қызметінде мынадай ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік берді: Тәжікстан Меджлиси Милли шақыру негізінде жұмыс істейді; Қырғызстан Жогорку Кенеш депутаттарының жасы – 21 жас; Қырғызстан мен Түрікменстан парламенттерінде президенттер тағайындаған мүшелер жоқ; Үкіметтің Тәжікстан Парламентінен тәуелсіздігі; Өзбекстан Республикасында заң шығару бастамашылығы құқығы бар субъектілер санының көптігі, ал Қырғызстанда – халық бастамасының бар болуы; Қазақстан Парламентінің неғұрлым қатаң бақылау функциялары және т. б.

   

 

 

 

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2019

##submission.howToCite##

Матаева, . М. Х. (2019). ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ПАРЛАМЕНТТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕЛУІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(56). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/330

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық және әкімшілік құқық