РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ОРТАҚ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕГЕ

Авторлар

  • Татьяна Ивановна Ряховская

Кілт сөздер:

рецепция, конституциялық құқық, салыстырмалы конституциялық құқығы, конституциялық сәйкестік, конституцияның тіке әсері, адам және азаматтың құқығы мен бостандықтарының тікелей әсері;, адам және азаматтың құқығы мен бостандықтарының тікелей әсері, конституциялық бақылау

Аңдатпа

Мемлекеттануда ТМД елдеріндегі құқықтық құрылысына ерекше назар аударылады. Бірақ Ресей мен Орта Азияның (оның ішінде Қазақстан) салыстырмалы аспектіне өте аз еңбектер арналған. Қазіргі кезде әрбір салаларда біздің мемлекеттер ынтымақтастығың белсендіру тенденциясы байқалады. Бұл заң доктринасына әсер етеді. Ресей мен Қазақстанның конституциялық құқығындағы жалпы және өзіндік мәселесі маңызды болғандықтан ұсынылған зерттеу осы мәселеге арналған.

Осы мақаланың мақсаты отандық конституциялық-құқықтық реттеумен жалпы белгілерін және де Орта Азия елдерінің, әсіресе Қазақстан Республикасының өзіндік конституциялық тәжірибесін табу. Негізгі назар конституцияның тікелей әрекет ету проблемасына және адам құқықтары мен бостандықтарының тікелей әрекетіне, салыстырмалы құқықтық контекстте нашар зерттелген аспектілерге бағытталған.

Өткізілген талдау Е.М. Абайдельдинов, С.Т. Амирбеков, А.И. Дудко, Ю.И. Гревцов, В.Г. Вишняков, Г.С. Сапаргалиев және басқа да көрнекті ғалымдардың еңбектерін құрайтын, сонымен бірге нормативтік-құқықтық (оның ішінде Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан Конституциясы) теоретикалық материалға сүйенеді.

Зерттеудің негізгі әдістері формалдық-заңдық (мемлекеттердің негізгі заңдарының мәтіндерімен танысқанда) және салыстырмалы-құқықтық (жалпы және өзіндікті анықтағанда пайдаланылған) болып табылды.

Жұмыс барысында Ресей мен Қазақстанның жақындығы, олардың әрекеттестік саясаты өзара конституциялық-құқықтық енуінің қолайлы негізін құрастырады дегені анықталды. Ол конституциялық құқықтың рецепциясымен қамтамасыз етіледі. Халықаралық құқықтың көпшілікке танылған қағидалары мен нормаларының айқын әсері, сонымен бірге әрбір мемлекет өзінің негізгі заңдарында дәстүрлі ерекшеліктерін ескеретіні анықталған.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2019

##submission.howToCite##

Ряховская, . Т. И. (2019). РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ОРТАҚ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕГЕ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(56). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/332

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық және әкімшілік құқық