ӘКІМШІЛІК-ПРОЦЕСТІК ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК-РӘСІМДІК ҚАТЫНАСТАР: ҰҒЫМЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ

Авторлар

  • Рамазан Құмарбекұлы Сәрпеков
  • Сәуле Серікқанқызы Шешенбаева

Кілт сөздер:

Әкімшілік-құқықтық қатынастар, әкімшілік-процестік қатынастар, әкімшілік-рәсімдік қатынастар, әкімшілік-процестік қатынастардың ерекшеліктері, әкімшілік-рәсімдік қатынастардың ерекшеліктері, әкімшілік-процестік қатынастар мен әкімшілік-рәсімдік қатынастардың арақатынасы, әкімшілік процесc, әкімшілік әділет

Аңдатпа

Мақалада әкімшілік-процестік қатынастар институтының маңыздылығын негіздеу беріледі.

Зерттеу мақсаты Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасы мәнмәтінінде қоса алғанда, осы құқықтық құбылысты кешенді талдау болып табылады. Бұл үшін тарихи, герменевтикалық және салыстыру тәсілдері, формальды құқықтық және құрылымдық талдау тәсілдері, мәселелі-теориялық зерттеу тәсілі қолданылды.

 Әкімшілік рәсімдік-процестік қатынастардың ерекше мәні ретінде, бәрінен бұрын атқарушы билік органы немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының басқарушылық қызметті атқаруда бұзылған субъективтік құқықтарды қорғау түсінілуі қажеттігі көрсетілген.

Қазақстандық қоғамның құқықтық аясын дамытудың негізгі бағдарламалық құжаты болып табылатын Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығы) әкімшілік құқықты реформалауға үлкен назар аударылады. Тұжырымдамада «Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін дамыту тиімді де жинақы мемлекеттік аппарат құруға, жаңа басқару технологияларын енгізуге, әкімшілік рәсімдерді жетілдіруге бағытталған әкімшілік реформаны құқықтық қамтамасыз етумен тығыз байланысты» - делінген.

Оған қоса, Құқықтық саясат тұжырымдамасы қойған міндеттердің бірі мемлекет пен азаматтар (ұйымдар) арасындағы жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешетін әкімшілік әділетті ендіру болып табылады.

Автор әкімшілік-процестік қатынастар мен  әкімшілік-рәсімдік қатынастардың  арақатынасын қарастырған.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасына әкімшілік процесс және әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың міндеттерін регламенттейтін норманы енгізу қажеттігі атап өтілген.

Бұл ретте автор  әкімшілік рәсімдерді әкімшілік процестен бөліп қарастыруға болмайды, өйткені олар әкімшілік процестің құраушы бөлігі болып табылады, өз кезегінде ол процестік қатынастар шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және кепілдендіреді деген қорытындыға келеді.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2019

##submission.howToCite##

Сәрпеков, Р. К., & Шешенбаева, . С. С. (2019). ӘКІМШІЛІК-ПРОЦЕСТІК ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК-РӘСІМДІК ҚАТЫНАСТАР: ҰҒЫМЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(56). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/333

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық