РЕМЕДИАЦИЯ ЖЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Тамара Ивановна Макарова
  • Гүлнәр Тоқсанбайқызы Жабаилдаева

Кілт сөздер:

жерді қорғау, ремедиация, қопсыту, зиянды бағалау, жерді қалпына келтіру, зиянның орнын толтыру, ығынды қалпына келтіру, жердi сақтап қою, жер заңнамасы

Аңдатпа

 

Бұл мақала жерлерді қорғау саласында құқықтық реттеуді жетілдіруге арналған. Авторлар зерттелетін тақырыптың өзектілігін айқындап дәлелдейді, сондай-ақ осы мәселе бойынша зерттеулерді қысқаша шолуын ұсынады. Атап айтқанда, авторлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ремедиацияны жерді құқықтық қорғаудың бағыты ретінде зерттейді. АҚШ пен Францияның бүлінген жерлерге ремедиациясындағы тәжірибесі қарастырылады. Жерді қалпына келтіруді анықтайтын рекультивация, залалды бағалау және ремедиация сияқты ұғымдар анықталады және салыстырылады.

Жерді рекультивациялауды, жерді сақтауды, зиянды экономикалық бағалауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер талданады және жалпы осы тұжырымдардың мазмұны - жерді бастапқы қалпына келтіру айқындалады. Тура, баламалы және өтемақылық сияқты ремедиация түрлеріне түсіндірме беріледі. Экологиялық заңнамада ремедиацияның жалпы тәсілдеріне сүйене отырып, жерді қорғау мақсатындағы осы терминнің мазмұны негізделеді. Ремедиация көп жағдайда жерлерді қорғауда қолданылатындықтан, авторлар жерді қорғау және қоршаған ортаны қорғау құралы ретінде қорғаудың ерекшеліктерін ескере отырып, жер заңнамасына ремедиациялық сипаттағы шараларды енгізу қажеттілігін негізге алады.

Жерді құқықтық және экологиялық тұрғыдан қалпына келтіруге бағытталған кешенді шараларды қамтитын жиынтық тұжырымдама ретінде әрекет ететін, жер телімдеріне зиян келтірген зиянды құқық бұзушылық немесе заңдық қызмет нәтижесінде пайда болған жердің табиғи ресурстары, өндіріс құралы және экологиялық құқықтық қорғау объектісі ретінде тұтыну қасиеттерін қалпына келтіруге қажетті шығындардың өзіндік құнын білдіретін ремедиацияның авторлық тұжырымы берілген. Аталған ұғымды Қазақстан Республикасының жер заңнамасына енгізу ұсынылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2019

##submission.howToCite##

Макарова, Т. И., & Жабаилдаева , . Г. Т. (2019). РЕМЕДИАЦИЯ ЖЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(56). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/336

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық