ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Кілт сөздер:
мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлік, құқықтар, құқықтық талдау, Конституцияға сәйкестілік, қайшылықтар, сыбайлас жемқорлыққа құмарлық, тиімсіздікАңдатпа
Аталған мақалада жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау нәтижелері келтірілген. Стратегиялық құжаттар мен құқықтық доктринаны зерттеу нәтижесінде автор жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында қоғамдық қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының стратегиялық міндеттері мен азаматтық айналымның қажеттіліктерін іске асырылуына бағытталғанына көз жеткізді.
Автор «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және өзге де заңдардың нормалалары арасында қайшылықтар орын алуына, заңға тәуелді қажетті нормативтік актілердің болуына, сыбайлас жемқорлыққа құмарлық тудыратын факторлар мен заңның тиімсіз іске асырылатын нормаларының болуына талдау жасаған. Атап айтқанда, Заң мен ҚР Азаматтық кодексі, «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңы, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңы, «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының нормалары арасында қайшылықтар анықталған.
Сонымен қатар, аталған Заңның нормалары бойынша конституциялық өндірістің мысалдары мен нәтижелері келтірілген. Қолданыс кезеңінде Заң нормасы (соның ішінде, Заңнан алып тасталғандар) ҚР Конституциясына сәйкес болмауына бойланысты екі рет конституциялық өндірісте қарастырылды. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасын қолдану тәртібін түсіндіретін ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысын қабылдау қажеттілігі туралы ҚР Конституциялық Кеңесінің ұсынысы орындалмағаны атап айтылған.
Анықталған қайшылықтар мен Заңның белгілі бір нормаларының кемшіліктері нәтижесінде автор Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгертулер және толықтырулар еңгізу туралы ұсыныстар әзірледі.