ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІНДЕГІ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

Авторлар

  • Нуркиз Арысбекқызы Нурбаева ИЗПИ

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_68_1_110

Кілт сөздер:

заң терминологиясы, азаматтық құқық терминдері, терминдердің қолданылуы, заң тілінде кездесетін қателер

Аңдатпа

Заң терминологиясы заң техникасы элементтерінің бірі және құқықтық актілер мәтінін сөзбен баяндау құралы болып табылады. Ол құқық қолдану практикасында да маңызды рөл атқарады.

Ғылымның интенсивті дамуы, жаңа технологиялардың әзірленуі кейбір терминдердің ескіруіне және қолданыстан шығып қалуына алып келеді. Ал жаңа терминдердің пайда болуы терминологиялық базаны жаңартуды, жаңасын қалыптастыруды және бекітуді қажет етеді. Жаңа терминнің кеңінен қолданыла бастауы және оны қолдану заңдылығының лингвистикалық тұрғыдан негізделуі терминді ауыстыруға негіз болып табылады. Осының бәрі 1990 жылдың басында қабылданған құқықтық актілердің мәтіндерінде байқалады.

Осы мақалада Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалылығы бөлігінде жүргізілген іргелі-қолданбалы зерттеу нәтижелері қарастырылады. Терминологиялық баламаларға талдау жасалады. Мақалада заңнамалық актілер мәтіндерінде терминдерге қатысты жіберілген, жұртшылықты жаңылыстыруы және қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің түпнұсқалалығын бұзуы мүмкін олқылықтарға нақты ғылыми негізделген дәлелдер келтіріледі. Осылайша мақалада «норма», «субсидиарная ответственность», «эпидемия», «эпизоотия» және т.б. терминдерге балама сөздерге ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар автор аударма барысында жиі кездесетін лингвистикалық қателерді талдап, оларды жою бойынша ұсыныс береді. Мәтінде терминологиялық қателерден өзге басқа да қателердің барын негізге ала отырып, автор Азаматтық кодекстің қазақ тіліндегі қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалылығын қамтамасыз ету бөлігінде түзетулер енгізу мәселесін қарастыру, сондай-ақ терминдердің халықаралық практикада қолданылуын және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминологиялық комиссия мақұлдаған терминдерді іріктеу қажет деп пайымдайды.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2022

##submission.howToCite##

Нурбаева, Н. А. (2022). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІНДЕГІ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(68). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_68_1_110

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан