ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗАҢДАР МЕН ӨЗГЕ ДЕ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ «ТОПТАМАЛЫҚ» ҚАРАСТЫРУ МЕН ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Венера Тулеутайқызы Қоныс
  • Қамал Қанаткалиұлы Сабиров
  • Арман Қаиргелдіқызы Лямбекова

Кілт сөздер:

топтамалық, қағида, заң жобаларын топтамалық қарастыру, заң шығармашылығы, азаматтық құқық, заңнама, заңнамалық тәуекел, жоспарлау және болжамда, заңнамалық тұрақтылық, заңның тиімділіг

Аңдатпа

Мақалада заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қарау және қабылдаудың «топтамалық» қағидасы талданды.

Заң шығару үдерісін жетілдіру мәселесі дәлме-дәл және сапалы заңнамалық регламенттеуді талап ететін қарқынды әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар аясында өзекті болып табылады. Мақалада қозғалған мәселелерінің маңыздылығы «Қазақстан-2050» стратегиясында: «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, онда басымдықтарының бірі ретінде заңдарды жылдам, ұтымды жобалау, қарау және қабылдау тетігі айқындалған» деп атап өтілді.

Оқырман назарына ұсынылған мақаланың басты мақсаты заң шығармашылықта «топтамалық» қағидасын пайдалану мүмкіндігін қарастыру болып табылады. Мақалада осы саладағы теориялық әзірлемелерге назар аударылады, сондай-ақ шетелдік тәжірибенің шолуы келтіріледі. Ерекше назар нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қабылдау және әдістемелік ұсынымдарды қолдану бойынша топтамалық қағидасын дайындауды қабылдаған Беларусь Республикасының тәжірибесіне аударылды.

Қазақстанның тәжірибесіне сүйене отырып, заң шығармашылықта «топтамалық» қағидасын үзінді ретінде қолданудың жекелеген мысалдары мақалада келтірілген. Заң шығармашылыққа «топтамалық» қағидасын енгізу келешегін қарап, авторлар Қазақстан заң шығармашылық процесінің ерекшелігін ескере, оны іске асырудың мүмкін тәуекелдерін бөліп қарайды.   Мұндай тәуекелдердің қатарына жоспарлау мәселелері, дамыту уақытын созу, «танылмаған» заңдарды қабылдау қаупі және қабылдау мерзімі жатады.

Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының заң шығармашылық процесін жақсарту үшін қабылдануы мүмкін.

##submission.downloads##

Жарияланды

04.02.2022

##submission.howToCite##

Қоныс, . В. Т., Сабиров , К. К., & Лямбекова, . А. К. . (2022). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗАҢДАР МЕН ӨЗГЕ ДЕ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ «ТОПТАМАЛЫҚ» ҚАРАСТЫРУ МЕН ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(46). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/371

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекет және құқық теориясы