АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН СОТТЫҢ СОТТЫЛЫҒЫН КЕҢЕЙТУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Авторлар

  • Фарух Раушанұлы Ахмеджанов
  • Дина Мухтаркызы Биржанова

Кілт сөздер:

соттылық, алқабилер алқасы, қылмыстық істердің категориялары, қылмыстық іс-жүргізушілік заңнама, үкім, ішкі сенім, бейтараптылы, бейтараптылық, аралас үлгі

Аңдатпа

Мақалада қылмыстық істерді қарауға және осы саладағы құқыққолданушылық тәжірибелерге алқабилер алқасының қатысуын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы талданған. Алқабилер алқасы қатысатын сот соттылығының өзгеруімен байланысты өзекті үрдістерді анықтау. Қазақстанда алқабилер институты 2006 жылы 16 қаңтарда «Алқабилер туралы» ҚР №121 заңының қабылдануы арқылы құрылды. Н.Шайкеновтың айтуынша, құқық пен сотты көтермелеусіз тиімді экономиканы құру мүмкін емес. Осыған орай ҚР-ның Тәуелсіздік алуымен аталған реформалар заңнамада көрініс тапты. Әділ сотты жүзеге асыруды жетілдіруге бағытталған ондаған жаңа заңдар қабылданды.

Қазіргі таңда аталған институттың тәжірибеде айтарлықтай төмен деңгейде қолданылуда. Аталған мән-жай алқабилердің өздерінің объективтілігіне қатысты мәселелермен де, сонымен бірге алқабилердің процессуалдық дербессіздік жағдайында бейтарап шешім қабылдау мүмкіндігін шектеумен де байланысты.

Қазақстанда алқабилер сотын қолдану аясын кеңейту қажеттілігіне қатысты Ұлт жоспарының 100 қадамының 21-қадамын орындау үшін алқабилер сотының қарауына жататын істердің категорияларын анықтау кезінде түсінікті заңи критерийлерге негізделу ұсынылады. Алқабилер сотының соттылығы жиі өзгеріп отыруы жалпы алқабилер соты институтының тұрақты дамуына септігін тигізбейді деген көзқарас аталып өтеді.

Мақалада жүргізілген талдау негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап ететін заңнаманың кейбір ережелері анықталды. Жекеше тоқталар болсақ, олар: ҚР 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің және жоғарыда аталған «Алқабилер туралы» ҚР заңының бірнеше нормалары.

Одан бөлек, авторлар алқабилердің қатысуымен өтетін сот өндірісінің үлгісін тұжырымдамалық қайта қарау мәселелеріне де тоқталып өткен. Бұл орайда, шет елдерде қолданылатын алқабилер сотының классикалық үлгісін зерттеу қажет.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2017

##submission.howToCite##

Ахмеджанов, Ф. Р. ., & Биржанова, . Д. М. (2017). АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН СОТТЫҢ СОТТЫЛЫҒЫН КЕҢЕЙТУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(46). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/387