ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫММЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
международное право, ждународные договоры, международные договоры, международные правовые обычаи, ратификация, имплементация, законодательство, правовая экспертизаАңдатпа
Мақаланың авторлары Қазақстан Республикасының халықаралық құқығының өзекті мәселелеріне талдау жасайды. Қазақстан Республикасының белсенді сыртқы саясат қызметіне және қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жуйесіне біртіндеп кірудің, ірі түйінді мәселелерді шешу кезіндегі ерекше маңыздылығын атап өтеді. Сонымен бірге халықаралық құқық қазақстандық ғылымының орны туралы және оның елдегі мемлекеттік органдары қызметімен арақатынасы туралы айтылған.
Бұл мақалада 2007 жылы жарияланған, бірақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, Қазақстанның сыртқы саяси қызметіндегі халықаралық қатынастардың заманауи жүйесінде болып жатқан өзгерістерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды жасау процесімен байланысты неғұрлым өзекті аспектілерді талдауды, қолданыстағы құқық жүйесіндегі халықаралық құқықтың орнын ескере отырып, халықаралық шарттар жобаларына және қолданыстағы халықаралық шарттарға ғылыми құқықтық сараптама жүргізу қажеттігі туралы, еліміздің бірқатар халықаралық келісімдерге қосылу қажеттігі туралы, халықаралық құқықтың қазақстандық ғылымының орны және оның еліміздің мемлекеттік органдарының қызметімен өзара байланысы туралы мәселелер ашылған және талдау жасалған. Алдыңғы мақалада ашылған және қазіргі уақытта өзектілігінен айырылмаған мәселелер біршама өзгеріп, осы мақалада қайтадан ұсынылған.