СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯЛАРДЫҢ НОРМАЛАРЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ИМПЛЕМЕНТТЕУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ
Кілт сөздер:
сыбайлас жемқорлық қылмыс, халықаралық конвенциялар, сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес бойынша қылмыстық құқықтық шаралар, имплементтеу, Қылмыстық кодекс, пара, материалдық емес сыйақылар, Қылмыстық кодекстің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі халықаралық келісімдер нормаларын жүзеге асыруға бағытталған ұсыныстар.Аңдатпа
Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне елеулі көңіл бөлінеді, өйткені сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың ең қауіпті түрі болып табылады.
Сыбайлас-жемқорлық қылмыстарымен күресуге бағытталған бірқатар халықаралық конвенциялардың барлығы бұл қауіпті әлеуметтік құбылыстың қоғамдық қауіптілігін көрсетеді. Олар халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықпен күресу үшін түрлі іс-шаралар жасау керек. Олардың ішінде қылмыстсық-құқықтық шаралар маңызды болып саналады. Біздің еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған халықаралық конвенциялардың бірқатарын ратификациялады. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ конвенциясы. Б»зд»ң елдің Қылмыстық кодексіне Конвенция нормаларының көбі еңгізілді. Алайда, конвенцияны ратификациялаудан кейін біраз уақыт болғанына қарамастан, әлі күнге дейін осы Конвенцияның ережелерін кейбір нормалары іске асырылмай қалды.
Қылмыстық кодекстің нормаларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар бар. Атап айтқанда, лауазымды адамның жаңа түсінігі ұсынылады. Қылмыстық кодекстің 366-шы бабанда қарастырылған парақорлық қылмыстарының затының тізбесін кеңейту ұсынылып отыр. Бұл парақорлыққа қарсы қылмыстық құқықтың күрестің тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді.
Мақала біздің елдің Қылмыстық кодексінде халықаралық конвенциялардың нормаларын іске асыруына талдау берілді. Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі халықаралық конвенцияны нормаларын іске асыру үшін нақты ұсыныстар бар