ЗАҢНАМА ТЕРМИНІ: НАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСІМДІЛІК

Авторлар

  • Мәди Айтбенбетұлы Айымбетов

Кілт сөздер:

терминнің лексикалық нақтылығы мен үйлесімділігі, заң терминологиясын біріздендіру, заң тілінің стилистикасы, заңнамалық лингвистика

Аңдатпа

 Мақалада заңнама терминологиясындағы өзекті мәселенің бірі терминдердің құқықтық сипаты мен мағынасы тұрғысынан мемлекеттік тілде қолданылу ерекшеліктері туралы мәселелер қарастырылған. Автор терминдердің заң лексикасындағы нақтылығы мен мағыналық үйлесімділігінің лингвистикалық аспектілерінің сипатын нақты қолданыстағы кейбір заңнамалардан келтірілген мысалдармен ашып көрсетеді.

Термин нақтылығы деген ұғым аталған мақалада белгілі бір құқықтық қатынастың мән-мағынасын бұлжытпай ашатын, ұғымдық үйлесім мен тұрақтылықты біріздендіретін заң терминологиясының негізгі ұстанымы ретінде айқындалған. Заң термині мағыналық сапасының жақсы болуы заң мәтіндерінде осы ұстанымның қаншалықты деңгейде сақталуымен тікелей байланысты екендігі тұжырымдалады.

Қорытындыда құқықтық норманың нақтылығы мен лексикалық, мағыналық үйлесімнің болуы - заң терминін өз мәнінде сапалы қолданудың бірден-бір шарты болып табылатыны дәйектелеп, ұлттық заңнаманың негізінде заң терминдері қорын қалыптастыру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе екендігі айтылады. Бұл мәселе - заңнама лингвистикасы саласындағы мемлекеттік тілдің өрісін ашатын, оған басымдық беретін арнасы болып табылады.

Тіл білімінде әлі толықтай зерттелмеген, тілтану ғылымының  жаңа бағыты болып табылатын заңнама лингвистикасы тіл мен құқықтық норманың өзіндік үйлесімді арақатынасынан туындайтын сала болса, оның негізі өзегі - заң терминологиясы, заң тілінің өзіндік стилі. Демек, заңнама терминдерінің мәселесі заңнама лингвистикасының қолданбалы ғылым ретінде қалыптасуы мен орнығуымен тікелей байланысты. Осы реттен келгенде мақаладағы заң терминдерінің құқықтық тұрғыдағы нақтылығы мен мағыналық үйлесімділігіне қатысты проблема заңнамалық лингвистиканың тұтастай ауқымында емес, қолданбалылық сипатымен ғана байланыстыр

 

##submission.additionalFiles##

Жарияланды

30.06.2017

##submission.howToCite##

Айымбетов, М. А. (2017). ЗАҢНАМА ТЕРМИНІ: НАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСІМДІЛІК. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(47). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/424

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан