ҚР АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕГІ МӘТІНІН СТИЛИСТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРДЕЛЕУ

Авторлар

  • Дүйсенкүл Мұқамбетжанқызы Шыңғысбаева
  • Нұргүл Айтмұханқызы Байкәрімова

Кілт сөздер:

Азаматтық кодекс, мемлекеттік тіл, теңтүпнұсқалылық

Аңдатпа

 Аталған мақалада Азаматтық кодекстің аудармасындағы заң тілінің синтаксистік оралымдарын, синтаксистік сипаттарын ескеру мәселелеріне назар аударылған. Сондай-ақ автор аударма қызметінде тілдік білімнің орны ерекше екендігін атап өтеді. Сонымен бірге заңнамалық актілерге  аударма жасауда қазақ тілінің табиғи заңдылықтарын, яғни нормаларды сақтаудың қажеттілігіне мән бере кетеді. Одан басқа, мақалада заң тілінің сөз жасамдық және морфологиялық сипаттарын ескеру мәселелеріне жіті назар аударылған. Заң тіліндегі сөз оралымдарын дұрыс құру, шұбалаңқылықтан қашу, калька аудармадан арылуға ден қою қажеттілігіне, тіл тазалығы арқылы ойды өркендете алатындығымызға, ой арқылы норманы дұрыс беретінімізге, ақпаратты дұрыс жеткізе алатынымызға баса мән берілген.

Тәуелсіз Қазақстанның әлемдегі өзіндік бірегей орнының нығаюы, яғни аударма ісіне де тәуелді. Елдер мен халықтар арасындағы саяси-экономикалық, рухани, мәдени байланыстар ауқымының ұлғаюы аударма ісінің білікті мамандарын ғана даярлауды қажет етіп қоймай, сонымен қатар аударма теориясына қатысты мәселені де күн тәртібіне қойып отыр.

Дегенмен де осы тақырыпты кеңірек ашу мақсатында мақалада тілдің практикалық мәселелерімен қатар теориялық мәселелерін де кеңінен қарастырылды.

Азаматтық кодексті стилистикалық тұрғыдан жетілдіру- бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі болып тұр. Қазақстанның әлем алдындағы деңгейінің өсуі, жаңғыруға қосар үлесі заңымыздың өз тілімізде сауатты, көпшілікке түсінікті, халыққа қызмет ететін заңдарды дайындап шығаруы болып табылады.

##submission.additionalFiles##

Жарияланды

30.06.2017

##submission.howToCite##

Шыңғысбаева, . Д. М., & Байкәрімова, Н. А. . (2017). ҚР АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕГІ МӘТІНІН СТИЛИСТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРДЕЛЕУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(47). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/425

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан