ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН БАШҚҰРТСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗАҢДАРДЫ МОНИТОРИНГІЛЕУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ ТУРАЛЫ
Кілт сөздер:
заң мониторингі, мониторингінің максаты, заң мониторингінің міндеті, заң мониторингінің субъектілері, заң мониторингінің функцияларыАңдатпа
Татарстан Республикасы мен Башқұртстан Республикасы сияқты Ресей Федерациясы субъектілерінің заң мониторингі тәжірибесі қаралады. Осы республикалардың заң мониторингі туралы арнайы заңдарының мазмұны мен құрылымы көрсетіледі. Заң мониторингінің ұғымына жалпы сипаттама және анықтама берілген, заң мониторингінің сатылары даналарган, осы қызметтің маманданған және көмекші функциялары анықталган. «Татарстан Республикасы заңдарының мониторингі туралы» және «Башкортостан Республикасы заңдарының мониторингі туралы» заңдарына салыстырмалы талдауы жүргізілді. Осы заңдар көбінесе мақсаттары мен міндеттері бойынша, шеңбер субъектілер тобына, заңдарға мониторинг жүргізудің тәртібі мен тетігіне қорытынды нәтижелері, басқа да белгілерге ұқсас болып табылатынын айтуға болады. Бұл Ресей Федерациясының басқа да субъектілеріндегі заңдардың мониторингі туралы заңдарына да қатысты.
Заңдардың мониторингі туралы нақты түсінік алуүшін «Татарстан Республикасы заңдарының мониторингі туралы» заңның мазмұны мен құрылымы қысқаша қаралады. Бұл қарастырылып отырған заңның құрылымында заңдар мониторингінің мақсаттары мен міндеттері туралы нормалар басты орын алатыны көрсетіледі. Құқықтық нормалардың осы тобы заңдар мониторингі жөніндегі қызметтің мемлекетпен белгілеген және құқықпен бекітілген мақсаттары мен міндеттері, оның әлеуметтік табиғаты мен қоғамдағы мақсатын көрсете, тіні мен мәнін анықтайды.
Нақты мақсаттар мен міндеттерге байланысты, сондай-ақ олардың негізінде заңдар мониторингі процесін құқықтық реттеудің барлық мәселелері шешіледі, атап айтқанда,субъектілер тобы бекітіледы, олардың өкілеттері нақтылынады, мониторинг процесінің нысандары мен әдістері, кезеңдері мен сатылары, көптеген басқа мәселелері шешіледі.
Сондай-ақ, мынадай мәселелердің мазмұны анықталған: 1) заңдар мониторингінің мақсаттары мен міндетері; 2) заңдар мониторингінің субъекттері және олардың өкілеттіктері; 3) заңдарды іске асырылуын бакылау функциясы; 4) заңдарды іске асыру туралы деректерді талдау функциясы; 5) заңдарды іске асыруды бағалау және оның тиімділігін арттыру функциялары; 6) мониторинг қорытындылары туралы шешім; 7) заңнаманың санасы туралы баяндама; 8) Татарстан Республикасы заңдарын тіркеу.
Ресей Федерациясы субъектілері заңдарының мониторингі тәжірибесі пайдаланып Қазақстан Республикасында кұқықтық мониторингті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізіледі.