ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТАҒЫ ИНКВИЗИЦИЯЛЫҚ ҚАҒИДАТ (ӘКІМШІЛІК РӘСІМ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ПРОЦЕСС)

Авторлар

  • Ларс Брокер

Кілт сөздер:

әкімшілік құқық, әкімшілік рәсімдер, әкімшілік процесс, инквизициялық қағидасы

Аңдатпа

Бұл мақала Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі германдық қауымдастығының (GIZ) «Орталық Азия елдерінің құқықтық және сот реформаларын қолдау» Бағдарламасы шеңберінде әзірленген.

Мақалада қарастырылатын жалпы әкімшілік құқық мәселелері осы журнал нөмірінің тақырыптық бағытымен байланысты. Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында жариялаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясының, сонымен қатар елдің өзге де мемлекеттік бағдарламалық және стратегиялық құжаттарында көрсетілген басым бағдарлары мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және құқықтық жетілуінің түрлі аспектілерін алдын ала анықтайды.

Бұндай қызметтің нәтижесі ретінде автор заң шығарушылық процестің, оның ішінде әкімшілік рәсімдер және әкімшілік сот өндірісі туралы заңнамасын дамыту мәселесі бойынша ілгері шегінуін белгілейді. Қазіргі таңда Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс жобасының әзірленуі жүріп жатқанын ескере отырып, автор өзінің мақаласында заң шығарушылықтың нысанасы үшін мысал ретінде Германияның жалпы әкімшілік құқығының маңызды сұрақтарының бірін қозғайды.

Мақалада өткізілген салыстырмалы-талдамалы талдау инквизициялық қағидасына (зерттеу қағидасы) арналған, оған сәйкес атқарушылық билік органы, шешім қабылдау үшін қажетті, істің мән-жайларын дербес қарауы тиіс. Мақалада Германияның әкімшілік рәсімде және әкімшілік процесте инквизициялық қағиданың негізгі ережелері баяндалған. Сонымен бірге автор осы қағиданы қолданудың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атап өтеді. Сонымен қатар автор мақалада инквизициялық қағиданың ұғымын, мәнін және мазмұнын ашады. Мақаланың негізгі ойы ретінде қарастырылып жатқан жалпы әкімшілік құқық қағидасы процессуалдық қағида ретінде ажырамас болып табылатыны туралы автордың пікірі байқалады.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2017

##submission.howToCite##

Брокер, . Л. (2017). ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТАҒЫ ИНКВИЗИЦИЯЛЫҚ ҚАҒИДАТ (ӘКІМШІЛІК РӘСІМ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ПРОЦЕСС). «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(49). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/464

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық және әкімшілік құқық