ПИЛОТСЫЗ ӘУЕ КЕМЕЛЕРІН (КВАДРОКОПТЕРЛЕРДІ) ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУІ: ТАЛҚЫЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Алексей Павлович Анисимов
  • Жанна Борисовна Иванова

Кілт сөздер:

ұшқышсыз әуе кемелері, квадрокоптерлер, әуе кеңістігі, қауіп-қатер, көпшілік мүдделер

Аңдатпа

Осы мақалада әуе заңнамасының қазіргі талаптар және тауарлар мен қызметтер нарығының аталған сегментін дамытудың қажеттілігі тұрғысынан Ресей мен бірқатар шет елдерінде квадрокоптерлер және басқа да пилотсыз ұшу аппараттары (ПҰА) пайдаланудың құқықтық реттеуіне баға берілген. Авторлардың ойынша ПҰА-ды пайдаланудың қазіргі режимі тыйым салу мен шектеулердің артық санына әкеп соғады және жеке және көпшілік мүдделерінің балансын аталған тыйым салудың азайту жағына қайта қарауды ұсынады. Біз ПҰА құқық иеленушілердің (жеке тұлғалар, сондай-ақ мемлекет органдары) міндетті түрде бағынатын жалпы ережелерін орнатуын ұсынамыз. Бұл ережелер, мысалы, ПҰА аэродром жағындағы жолағында ұшуына тыйым салу немесе меншік нысанына қарамастан ПҰА міндетті түрде мемлекеттік тіркеуіне қатысты. Негізгі шектеулер мен тыйым салулар өздерінің меншік ПҰА-ры бар жеке тұлғаларға бағытталған болу тиіс. Бұл шектеулер үш аспектілерге қатысты болуы тиіс: ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету; және еңбекті қорғау; азаматтардың жеке өмірін қорғау; зиянды өтеуге қатысты мәселелерді реттеу. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасын ету жағынан жеке квадрокоптерлерге биіктігі 100 м-ге дейін ұшуға және құқық иеленушінің өз ПҰА-тын көзбен бақылауға, сонымен қатар арнайы заңда көрсетілген жекелеген жерлерде оларды пайдалануға тыйым салынған жағдаймен жалпы рұқсат орнату керек. Интернет желісінде азаматтардың жеке өмірі туралы олардың келісімінсіз ПҰА көмегімен алынған фото және бейне материалдарды көрсетуге тыйым салу керек. Ұшатын әуе нысандардың азаматтардың өмірі, денсаулығы мен мүлкі үшін әлеуетті қаупін ескеріп, ПҰА-ды қауіптілігі жоғары көздерінің бір түрі деп заң жүзінде мойындау керек.

##submission.downloads##

Жарияланды

23.02.2022

##submission.howToCite##

Анисимов , . А. П., & Иванова, Ж. Б. (2022). ПИЛОТСЫЗ ӘУЕ КЕМЕЛЕРІН (КВАДРОКОПТЕРЛЕРДІ) ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУІ: ТАЛҚЫЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(49). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/468

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық