АЛЫМ ТӨЛЕУДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША ЗАҢНАМА БАЗАСЫН ТАЛДАУ: ХОРВАТИЯНЫ ЗЕРТТЕУ МЫСАЛЫ
Кілт сөздер:
көлік инфрақұрылымы, жалпы пайдаланылатын жолдар, автомагистраль, жол ақысын өтеу, электрондық ақы төлеу жүйелері, көлік құралдары, төлемдер, жеткізушілер, тарифАңдатпа
Мақалада автор Еуропа Одағындағы, атап айтқанда Хорватиядағы көлік инфрақұрылымының құқықтық реттелуіне талдау жасалады, онда мұндай реттеу 25-тен аса құқықтық актімен жүзеге асырылады.
Автомагистральдарды басқару, құру, қайта құру және оларға қызмет көрсету бойынша функцияларды жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі компания болып табылатын «Хорватия автожолдары» компаниясы қызметінің құқықтық негіздері қарастырылады.
Сонымен қатар қоғамдық (мемлекеттік) жолдардың және автомагистральдардың түсінігі мен түрлерін бектітен нормалар зерделенеді.
Автомагистральдарды пайдалану үшін арнайы алым төлеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл ретте Еуропа Одағы елдерінің аумағында алым жинаудың еуропалық электрондық жүйесінің негізіндегі технологияларды пайдалана отырып, төлемдерді жинауға мүмкіндік беретін жүйелер болып табылатын алым жинаудың электрондық жүйелерінің кең қолданылуын атап өту қажет.
Алым жинаудың еуропалық электрондық жүйесі (EETS) Еуропа Одағындағы жолдардың электрондық жүйелерінің техникалық, рәсімдік және заңдық үйлесімділігін орнату процесін жылдамдату мақсатында Еуропа комиссиясымен жарияланған 2004/52/EC Директивасына сәйкес құрылды.
EETS келесіні қамти отырып, техникалық, шарттық және рәсімдік деңгейлерде функционалдық үйлесімділікті қамтамасыз етуі қажет:
- желі бойынша жалпы қызметке қол жеткізу мүмкіндігін беретін пайдаланушы және EETS провайдері арасындағы бірыңғай жазылыс шарты;
- техникалық, рәсімдік және заңдық мәселелерді қоса отырып, техникалық стандарттардың және талаптардың жинағы.
Осылайша, автормен ЕО мемлекеттерінде, оның ішінде Хорватияда EETS толық жандандыру, сондай-ақ 2004/52/EC Директивасының, 2009/750/EC Шешімінің, және Жолдар туралы Хорватия заңының ережелеріне сілтеме жасай отырып, бұл жүйені қолдану және тарату бойынша одан әрі іс-шара қолдану ұсынылады.