ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫН ЖАСЫРУДЫ РЕТТЕУ БОЛІГІНДЕ ТАЛДАУ
Кілт сөздер:
қылмысқа қатысушылы, қылмысты жасыру, алдан ала сөз байланысуАңдатпа
Қылмысты және қылмыскерді жасыру қылмысқа жанасушылықтың жиі кездесетін нысандарының бірі болып табылады. Объективті белгілеріне сәйкес қылмысты жасыру белсенді әрекеттерді жасаудан тұрады.
Қылмысты жасыру қылмысқа қатысушылық нысаны ретінде қылмысты жасырушымен алдын ала сөз берумен байланысты емес әрекеттерді жасауды көздейді. Алдын ала сөз бере отырып қылмысты жасыру әрекеттері қылмысқа ортақ қатысу ретінде дәрежеленеді. Қылмысқа қатысушылық үшін қылмыстық заңнамада бекітілген жауаптылықтың қылмыстылықпен күрестегі маңызы зор.
Меншікті қылмысты жолмен алу дегеніміз қайтарымды және қайтарымсыз әрекеттер арқылы алу. Ол меншікпен қылмыскер өзі біледі қалай жұмсау керектігін.
Қылмыс жөнінде хабарламау түсінігін дұрыс талқылау, оның жағдайлары мен ол үшін жауаптылықтың көмегін анықтау, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтауда, сот төрелігін атқаруда аса маңызды. Қылмысқа қатыстылықтың бұл түрі үшін заңды жауапкершіліктің негіздері жөніндегі мәселе негізінен тұлғаның тиісті органдарға дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс жөнінде хабарламауынан көрінетін әрекетсіздігімен сипатталады.
Қылмысқа қатыстылық институты шетелдік қылмыстық заң нормаларына да танымал. Шет мемлекеттердің қылмыстық құқықтық заң нормалары қылмысқа қатыстылық үшін жауапкершілікті көздей отырып әрі қарай заңдылықты бекітуге қылмыскерді анықтау мүмкіндіктерін арттыруға және жалпы әшкерелеуге бағытталған.