ҚОҒАМНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ ЖӘНЕ ЗАҢНАМА ТІЛІ

Авторлар

  • Бекен Ахметоллаұлы Шолан
  • Әлия Назарғалиқызы Кадирова

Кілт сөздер:

Выбраны:заңнама тілінің жаңғыруы, термин аудармасының мәселелері, грамматикалық қағидалар, тұрақты пайдаланылатын тезаурус

Аңдатпа

Мақалада «жаңғыру» деген терминге анықтама беріледі. Жаңғыру үрдісінің бір мемлекетке немесе бір салаға ғана емес, бүкіл ғаламшарға да қатысты екені, жаңғыру жоқ жерде дамудың да болмайтыны айтылады.

Авторлар мақаласында ғылыми прогрестің жылдам қарқынмен дамуына байланысты жаңадан пайда болған ұғымдар мен терминдер де барған сайын көбейе түсетіні заңды құбылыс екеніне тоқталады. Осыған орай нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тілде дайындаған кезде кездесетін кейбір қиындықтардың себеп-салдары зерделенген.

Жаңа терминдерді, сөз тіркестерін қазақ тіліндегі заңнамалық актілерге енгізуде бірыңғай көзқарастың қалыптаспағаны атап өтіледі. Сондықтан мәтінді қазақ тіліне аударғанда, ең алдымен, оның түпкі мағынасын ескеру ұсынылады. Кез келген аударманың мәтіні қолданылып жүрген терминдер шегінде түпмәтінге сәйкес келуге тиіс. Сөздер мен сөз тіркестерін аударған кезде әртүрлі мағына беретін және құқық қолдануда екіұдай түсінілуі ықтимал сөздерді қолдануға жол беруге болмайтыны айтылады. Бұл ретте әртүрлі салаларда қолданылып жүрген заңнамалық актілерде орын алған кемшіліктерге нақты мысалдар келтіріледі.

Заңнаманың белгілі бір саласындағы мәтіндердің теңтүпнұсқалығын қамтамасыз ету барысында пайдалануға болатын бірыңғай сөздік аппаратының (тезаурусының) әлі де толық қалыптаспай отырғаны атап өтіледі.

Мақалада заң жобалары, сондай-ақ басқа да нормативтік актілер мәтіндерінің теңтүпнұсқалығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіруге ықпал ететін нақты ұсыныстар берілген.

Авторлар бағдарламалық құжаттарда қамтылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін барлық мүдделі тұлғалар алдында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілдегі заңнамасының сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін кең ауқымды әрі мәртебелі жұмыс күтіп тұрғанын еске салады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2017

##submission.howToCite##

Шолан, . Б. А., & Кадирова , А. Н. (2017). ҚОҒАМНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ ЖӘНЕ ЗАҢНАМА ТІЛІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(49). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/477

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан