ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУЫНДЫ ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ФЬЮЧЕРЛІК ШАРТТЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ҚОЛДАНУЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІН ЖӘНЕ ОНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ТАЛДАУ («Туынды қаржы құралдары нарығындағы фьючерстік шарттың проблемалары мен перспективалары»
Кілт сөздер:
Фьючерс, шарт, қаржы нарығы, қаржы құралдар, деривативАңдатпа
Аталған мақала 2017 жылы туынды құралдар нарығындағы фьючерстік шарттың проблемалары мен перспективаларына арналған талдау есебінің негізінде «Қазақстан Республикасы заңнама институты» ММ азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің ғылыми қызметкерімен дайындалған. Туынды бағалы қағаздардың, туынды қаржы құралдардың және тікелей фьючерстік шарттардың (контракт) зерттеуін Белов В.А., Диденко А.Г., Кандыбка А.И., Мороз С.П., Нургазина А.М., Сaфоновa Т.Ф., Салихова А. Р., Ульданова Д. Р. және т.б. ғалымдар жүзеге асырған.
Нарықтық жағдайдағы шаруашылық жүргізудің дүниежүзілік тәжірибесі сауда қызметінің ұйымдық нысандардың, сондай-ақ бағалы қағаздардың ішінде биржалық сауданың ерекше орын алатынын көрсетеді. Биржалық нарықтың қызмет істеу деңгейінен бүгінгі күндегі дүниежүзілік тәжірибеде елдің нарықтың экономикасының даму жағдайы анықталады.
Жыл сайынғы биржалық айналым экономикалық дамыған елдерде (АҚШ, Англия, Франция, Германия) триллион доллармен өлшенеді және жалпы ішкі өнім көлемінің 30-40% дейін жетеді.
Биржалық нарықтың ұйымдық-экономикалық тетігі сауда операциясы қатысушыларының шарттық міндеттемелерінің орындалуына кепілдік беруді, алдағы бағалы қағаздарды сатып алу туралы жасалған келісімдердің орындалу тәуекелдерін сақтандыруды және қайта бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әлемдік биржалық сауда барынша шұғыл болып келеді, ал нақты таура келісім-шарты жалпы құрылымда азғантай үлесін алады. Алайда Қазақстанда биржалық нарық сараланымы көп емес. Сонымен қатар, биржалық қызметтің әлім тәжірибесінен шығатын экономикалық артықшылықтары көзқарасынан оның тартымдылығының барлық жақсы жақтарына және даусыз дәлелдеріне қарамастан, Қазақстандағы оның даму деңгейі өте төмен.
Елдің экономикалық белгісіздігі, стандарттық қаржылық құралдар арқылы капиталды жұмылдырудың мүмкінсіздігі дереватив сияқты қаржылық инновацияның қолдану қажеттілігін анықтады. Қазақстанда қаржылық құралдардың туынды нарығын реттеудегі заңнамалық базаның жоқ екендігін және де оларға деген сұранысты есепке алғанда, осы зерттеу өзекті болып келеді.
Осыған орай мақаланың мақсаты Қазақстан Республикасындағы туынды қаржы құралдардың нарығындағы фьючерлік шарттың тәжірибелік қолдануындағы проблемалық аспектілерін және болашағын зерттеу болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін диалектика, метафизика, дедукция, талдау, салыстыру, синтез, жинақтау және формалды-заң әдісі қолданылады.
Мақаладан алынған зерттеу нәтижелері туынды қаржы құралдар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдірудегі заң шығармашылық жұмыстарында және де қаржылық нарығын құқықтық реттеу саласындағы ғылыми зертеулерде қолданылуы мүмкін.

