ҮЛЕСТЕСТІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАТЫ
Кілт сөздер:
аффилирленгендік, үлестес тұлғалар, мүдделер қайшылығы, корпоративтік бақылау, үлестес тұлғалардың қатысуымен мәмілелер, заңды тұлғалар, корпоративтік басқаруАңдатпа
Әр мемлекет заңды тұлғаның әлеуметтік байланыстарын орнатудың өз үлгісін таңдап алады. Осындай байланыстарды орнату ретінде аффилирленгендікті түсіну түрлі құқықтық жүйелерде өзгешеленеді.
Посткеңестік елдердің заңнамасында аффилирленгендік санатын кеңінен пайдалануға өз қызметін жүзеге асырған кезде заңды тұлғалардың өзара байланыстылығы қатынастарын жүйелік құқықтық реттеудің жоқ болуы себеп болды.
Заң әдебиетінде аффилирленгендік санаты үлестес тұлғалар түсінігінің аясында зерттеледі. Құқық дамуының қазіргі кезеңінде аффилирленгендік түсінігін бірегейлендіру талпыныстары байқалғандығына қарамастан, аффилирленгендік санаттарын әзірлеу жеке құқық саласында жүргізіледі. Заң әдебиетінде аффилирленгендікті түсінуге түрлі көзқарастарды талдау «аффилирленгендік» терминімен ресми дербес заңды тұлғалар арасындағы белгілі бір байланыс/тәуелділік түсінілетіндігін көрсетті. Бірақ заң әдебиетінде аффилирленгендікті айқындауға бірыңғай көзқарас орнықты деп нандыру дұрыс емес. Оған қоса, заңнама мен теорияда кәсіпкерлік қызметте тұлғалар байланысушылығының басқа түрлерінен аффилирленгендікті айырудың нақты критерийлері жоқ.
Жүргізілген талдау Қазақстанда аффилирленгендік бар қатынастарды құқықтық реттеудің өз ерекшеліктері бар екендігін көрсетті. Осы мақаланың мақсаты қазақстандық заңнама ережелерін, шетелдік тәжірибені, сондай-ақ әлбетте бар заң доктринасын ескере отырып, аффилирленгендік түсінігін әзірлеу болып табылады. Жұмыс мақсаттарына қол жеткізу үшін аффилирленгендіктің құқықтық табиғатын анықтау және өз қызметін жүзеге асырған кезде заңды тұлғалар байланыстылығының басқа түрлерінен айыру бойынша міндеттер қойылған. Алынған нәтижелер негізінде қорытындылар мен ұсыныстар қалыптастырылған.

