АЙЫПТАЛУШЫНЫ ПРОКУРОРМЕН СОТҚА БЕРУ ЖӘНЕ ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ ПАРАДИГМАСЫНДАҒЫ ОНЫҢ МӘРТЕБЕСІ

Авторлар

  • Арстан Нөкешұлы ЕНУ им. Л.Н. Гумилёва
  • Александр Леонидович «Болашақ» академиясы

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_68_1_51

Кілт сөздер:

сотқа дейінгі тергеп тексерудің аяқталуының нысандары, айыпталушыны прокурормен сотқа беру сатысы, сатының мәні мен мақсаты

Аңдатпа

Авторлармен 2021 жылдың 27 желтоқсанындағы № 88 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аясының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді ендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген түзетулерге, айыпталушыны прокурормен сотқа беру сатысына талдау жасалған. Прокурордың өкілеттіктерінің әрдайым жүйелі және толық емес қайта құруларына баға берілген.  

Прокурормен  айыптау актісі жасалатын қылмыстық істер бойынша айыпталушылар ғана сотқа беріледі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру өзге процестік нысанда (айыптау хаттамасымен, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен, қылмыстық теріс қылық туралы хаттамамен, бұйрық өндірісін қолдану туралы қаулымен, кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасумен) аяқталған кезде прокурор тек қарар нысанында тергеушінің, анықтау органының тиісті қорытынды актісімен келісім білдіреді және қылмыстық істі сотқа жібереді.

Бұл ретте айыпталушыны сотқа беру туралы мәселе шешілмейді.

Сонымен қатар, авторлар қылмыстық іс жүргізу құқығы теориясы тұрғысынан алғанда заң шығарушының қылмыстық процестің дербес сатысының бірі - сотқа беру сатысынан ішінара бас тартуына қарсы аргументтер келтіріп, оның қолданбалы тәуекелдері мен ықтимал құқықтық салдарына баға береді.

ҚР ҚПК-де қарама-қайшылықтарды болдырмау және олқылықтардың орның толтыру үшін авторлар мәселені шешудің ең оңтайлы әдісін ұсынады.

Түйін сөздер: сотқа дейінгі тергеп тексерудің аяқталуының нысандары, айыпталушыны прокурормен сотқа беру сатысы, сатының мәні мен мақсаты.  

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2022

##submission.howToCite##

Арстан Нокешевич, & Александр Леонидович. (2022). АЙЫПТАЛУШЫНЫ ПРОКУРОРМЕН СОТҚА БЕРУ ЖӘНЕ ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ ПАРАДИГМАСЫНДАҒЫ ОНЫҢ МӘРТЕБЕСІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(68). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_68_1_51