ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ (Талдамалық анықтама материалдары негізінде)
Кілт сөздер:
Атқарушылық іс жүргізу, мәжбүрлеп орындату, атқарушылық құжат, сот орындаушысы, жеке сот орындаушысыАңдатпа
Берілген мақала «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ Азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің ғылыми қызметкерлерінің атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатудың жекелеген мәселелерін талдау жұмыстарына арналған 2016 жылғы талдамалық анықтамаларының нәтижесі негізінде әзірленген. Жалпы, қазіргі таңда атқарушылық іс жүргізу жүйесін жетілдіру тұрғысында бірқатар шетелдік авторлардың ғылыми жарияланымдары айтарлықтай қызығушылық тудыруда. Олардың ішінде, С.Н. Братусь, Р.К. Валеева, Ю.С. Гамбаров, А.П. Герасимов, Г.Ш. Гуреев, Д.Р. Джалилов, Ю.А. Дмитриев, A.A. Добровольский, Н.Д. Егоров, А.Ф. Козлов.
Сонымен қатар, соңғы кездері атқарушылық іс жүргізу мәселелерін қарастыру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Doing business халықаралық рейтингінде «контрактілердің орындалуын қамтамасыз ету» көрсеткіші бойынша позициясын жақсарту жөніндегі жұмыстарды іске асыру жағдайында ерекше маңызды орынға ие болуда.
Осы орайда мақалада атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамадағы кейбір проблемаларды шешуге бағытталған ұсынымдар әзірлеу мақсаты алға қойылған. Белгіленген мақсатқа қол жеткізуде оң тәжірибе жинақтауға және ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берген жалпы ғылыми зерттеу әдістері қолданылған.
Мақалада: 1) борышкердің шетелге шығуын уақытша шектеу шарасының сәйкестілігіне; 2) аванстық жарна туралы құқық нормаларының коллизиясына; 3) орындауды бұру ақаулығына; 4) жеке сот орындаушылары қызметінің өзін-өзі ақтамауы мен рентабельсіздігі мәселелеріне қатысты атқарушылық іс жүргізу проблемаларына ерекше назар аударылған. Атқарушылық іс жүргізудің аталған және өзге де проблемаларына жүргізілген талдау негізінде бірқатар ұсынымдар әзірленген.
Қол жеткізілген зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнамасын жетілдіру бойынша заң шығармашылық жұмыста, сондай-ақ азаматтық процесс және атқарушылық іс жүргізу саласындағы ғылыми зерттеулерде қолданылуы мүмкін.