КӨЛІК БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ КҮШЕЙТУ ТУРАЛЫ Қ.Е. Исмағұлов1, Е.М. Елубай2, А.С. Әбдікәрімова3
Кілт сөздер:
Әкімшілік жауапкершілік, қылмыстық жауапкершілік, көлік қатынасы, көлік құқықбұзушылық, пиғыл, ауыр зардапАңдатпа
Жол көлігін дамыту қарқынының үздіксіз өсуі себебінен қозғалыс қарқындылығы да артады, қалалар мен басқа да елді мекендердің автомобиль жолдары мен көшелерінде жол жүрісі тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қиындай түседі.
Автомобиль көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері жекелеген ведомстволар мен ұйымдардың ғана емес, сондай-ақ бүкіл ел жұртшылығының да құзыретіне жатады.
Көлік құралдарын қауіпсіз пайдалануға қол сұғылатын құқықбұзушылықтар отандық заңнамада тұңғыш рет 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық Кодексте жеке тарауға оқшауланған. Бұл қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, яғни көлік құралдары санының артуымен көліктің адамдар мен қоғам үшін қауіпсіз жұмыс істеуіне қол сұғылатын қылмыстардың тарауының және қауіптілігінің едәуір өсуімен түсіндіріледі.
Осы қылмыстарды дербес тарауға біріктіру темір жол, су, автомобиль, әуе және құбыржол көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі мен олардың жұмысын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылатын бірыңғай текті объектіге қол сұғушылығын білдіреді.
Мақала авторымен алкогольдік, нашақорлық және (немесе) уытқұмарлық мастық күйінде жол көліп апатын жасап ауыр зардап салдарына акеп соққан тұлғаға құқық қолдау заңнамасы, сонымен қатар жол көлік тәртібін бұзғандығы үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларын нығайту мәселелері қарастырылған.
Авторлар осы бұзушылықтар үшін санкцияларды күшейту бойынша қосымша шаралар қолдану жолдарда масаң күйдегі жүргізушілер санын азайтуға мүмкіндік береді, бұл тиісінше жол-көлік оқиғаларының азаюына әкеледі.
Бірінші кезекте масаң күйінде көлік құралын басқару арқылы адамдардың өміріне нақты қауіп тудыруға жол беретін адамдардың әкімшілік жауаптылығын күшейту қажет.