ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ ҰҒЫМЫ: ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАЗМҰНЫ

Авторлар

  • Алимжан Самиғоллаұлы Иржанов

Кілт сөздер:

Халықаралық құқық, терроризм, халықаралық терроризм, терроризмге қарсы күрес

Аңдатпа

Мақала халықаралық және қазақстандық құқықта терроризм ұғымын қарауға арналған. Осыған орай терроризмді зорлық-зомбылықтың бір актісін жасау тұрғысынан емес, ал күрделі көпжоспарлы құбылыс ретінде қарау ұсынылады. Атап айтқанда, терроризмнің ішінде бірнеше деңгейді (жоспарды) бөліп шығаруға болады, олардың әрқайсысында өз мақсаттары, себептері, субъектілері, объектілері мен тиісінше әрекеттер қатар жүруі мүмкін.

Әрбір деңгейге террористік сипаттағы қылмыстардың өз жиынтығы тән. Мысалы, олардың біреуінде идеологияның қалыптасуы, адамдарды даярлау мен тарту, террористік топты ұйымдастыру, қаржыландыру, мақсаттарды айқындау және т.б. болып жатады. Осы деңгейде сол немесе өзге мемлекеттің аумағында теракт жасауға мүдделі шетел мемлекеттердің әсері байқалуы мүмкін. Оның басқашакөрінісі террористік актіні жасау болып табылады.

Осыған байланысты ұғымның құрамында осы феноменге кіретін бірнеше дәйекті және бір-бірімен байланысты мақсатты бөліп шығару қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, терроризм үш мақсатқа қол жеткізуді көздейді:

  1. Соңғы мақсат – мемлекет, халықаралық ұйым.
  2. Тікелей мақсат – терактінің тікелей объектісі.
  3. Аралық мақсат – қоғам, халық.

Төртінші мақсат та болуы мүмкін – бұл мысалы, кек алу, әлеуметтік әділдікке, жазасыздық жағдайға, көпшілікке ықпал етуге немесе «даңққа» қол жеткізу сияқты жеке мақсаттар.

Осылайша, терроризм – терроризм субъектісінің мүддесіндегі мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың лауазымды адамдары әрекеттеріне ықпал етуге көмектесетін (не халықаралық қатынастарға және құқықтық тәртіпке зиян келтіретін)мемлекеттерде терактілерді даярлауға, қаржыландыруға және жасауға бағытталған қызмет. Бұл жағдайда теракт халықаралық, сол сияқты ұлттық құқық шеңберінде зорлық-зомбылықтың нақты түрі ретінде бағаланатын болады, бұл ретте ол жеке және дербес қылмыс ретінде болады, яғни оны терроризмнің қаруы немесе құралы ретінде тану қажет.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

24.03.2022

##submission.howToCite##

Иржанов , А. С. . (2022). ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ ҰҒЫМЫ: ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАЗМҰНЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(44). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/560

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану