НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГІДЕГІ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ЖҮРГІЗЕТІН ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГТІҢ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ

Авторлар

  • Әсел Ғабиденқызы Қазбаева

Кілт сөздер:

Қоғамдық мониторинг, құқықтық мониторинг, қоғамдық бақалау, заңнама және құқық қолдану мониторингі, нормативтік құқықтық актілер мониторингі, құқықтық актілер, Ұлттық палата қызметі

Аңдатпа

Мақалада «қоғамдық мониторинг» категориясы мен сабақтас ұғымдардың доктриналық үйлесуін зерттеудің нәтижелері қарастырылып, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер арқылы құқықтық конструкциялардың практикалық  қолданылуының перспективалалары белгіленген. Нормативтік құқықтық актілердің  қоғамдық мониторингіне ғылыми-қолданбалы зерттеу қазақстандық құқық ғылымына қатысты қоғамдық мониторингтің дербес объектісі ретінде жаңа бағыт болып табылады. Қоғамдық мониторингтің талдауы елдегі қолданыстағы заңнаманың тиімділігін бағалау және болжау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жетілдіруде құқықтық мониторинг жүргізу процесінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау проблемаларын шешуге бағыттылған.

Қоғамдық мониторингті кешенді зерттеу осы бағыттағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлеуге нормативтік құқықтық актілерге қатысты да, мониторинг жүргізу кезеңіндегі ынтымақтастық аспектісі ретінде, оның құқықтық қолданылуы нәтижесі ретінде де ғылыми негізделген әдіс-тәсілдерді әзірлеуді алға қойды. Мемлекеттегі құқықтық реттеуді оңтайландыруды іске асырудың негізгі нәтижесі оны заңнамалық тұрғыда бекіту және қоғамдық бакылау жүйесіне нақты енгізу болды. Алайда нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық мониторингі енгізілген кезден бастап-ақ тетік жүйелі түрде заңнамалық тұрғыда ресімделіп және толыққанды құрылымдалмады, онымен бірге, алынған нәтижелер бойынша құқықтық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасаудың және іске асырудың тәртібі реттеледі. Оның үстіне «қоғамдық мониторинг» деген бірыңғай ұғымды пайдалану оны мемлекет ауқымында жүзеге асырудың тиімділігін дәл бағалауға мүмкіндік беретін бірқатар ұғымдардағы оның мәніне әртүрлі үйлестіруге және түсіндіруге әкеледі.

Авторлар алынған тұжырымдардың негізінде қоғамдық мониторинг институтының негізгі құрылымдық элементтерін жүйелеуге талпыныс жасалып, сондай-ақ оны алдағы уақытта оңтайландыру жөнінде практикалық тұрғыдағы ұсыныстар берілген.

##submission.downloads##

Жарияланды

24.03.2022

##submission.howToCite##

Қазбаева , . А. Г. . (2022). НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГІДЕГІ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ЖҮРГІЗЕТІН ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГТІҢ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(44). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/563

Журналдың саны

Бөлім

Құқықтық мониторинг