ЗАҢ ЛОГИКАСЫ МЕН ТІЛІ

Авторлар

  • Есенқұл Сафуанұлы Сафуани

Кілт сөздер:

Заң тілі, заң логикасы, термин, заңнама, теңтүпнұсқалылық

Аңдатпа

Есенқұл Сафуани бұл мақаласында заңның дұрыс түсініліп, дұрыс орындалуы үшін заң логикасы мен тілінің атқаратын рөлі жөнінде өз пікірін ортаға салады. Заңның логикасы мен стилі оның тіліне тікелей ықпал ететіндігін жүйелі түрде дәлелдеп, заңнама тілінің жалпыға ортақ пайдаланылып жүрген кәдуілгі тілден айтарлықтай өзгеше болатынына назар аударады. Заң қарапайым тілмен жазылып, адамдарға түсінікті болуға тиіс деп айтылып келе жатқанына қарамастан, заң тілі көркем әдеби тілге жанаспайды деп дәлелдеуі заң аудармасымен айналысатындарға салмақты ой салары хақ. Бұл орайда автор өз тұжырымдарын ғылыми әдебиеттерге сүйеніп, заңдардан мысал келтіріп дәлелдейді.

Заңнама тілі мен қарапайым тіл арасында айтарлықтай өзгешелік болмайды, деп дәлелдегенмен күнделікті тұрмыста пайдаланылатын кейбір жағдайларда қарапайым тілдің бейнелі болып келуіне байланысты ол нормативтік ұйғарымдарды толық әрі дәл жеткізіп бере алмайтындығына назар аударылады. Осы тұрғыдан келгенде автордың дәлелді ой-пікірлері заң терминдерінің маңызына жете назар аудару қажеттігіне тағы да көз жеткізеді.

Автор ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, заң шығару қызметінде пайдаланылатын арнайы терминдерді: қарапайым тілде қолданыла бермейтін, көпшілікке онша таныс емес терминдер; кәдуілгі сөйлесу тілінде түсінікті, бірақ заңи мағынасы мүлде өзгеше терминдер, деп саралайды. Бұл ойын кәсіпкерлікке қатысты заң мен қылмыстық заңнан мысал келтіре отырып дәлелдейді.

Заңдарда кейбір терминдердің бірізді емес, әртүрлі алынып жүргеніне орай мысал келтіріп, мұндай ағаттықтарға жол беруге болмайтынын да еске салады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2016

##submission.howToCite##

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан