ЗАҢ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ СӨЗЖАСАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Дуйсенкуль Мухамеджановна Шынгысбаева

Кілт сөздер:

Заң тілі, термин, заңнама, сөз тіркестер

Аңдатпа

Аталған мақалада аударма жасауда сөзді дұрыс қолдану мен стиліне назар аудару керектігі жайлы айтылған. Сондай-ақ бұл мақалада сауатты заң жазу үшін заң тілін терең меңгеру қажеттігі айтылады. Терминдерді дұрыс қолдану, оларды түрлі сөздермен тіркестіру арқылы жаңа сөз жасап, заңда ұтымды пайдалану жолдары қарастырылған. Сонымен бірге қазақ тілінің өте бай тіл екендігін, оның жаңа терминдер жасаудағы қызметтеріне нақтылай дәлел келтіріледі. Қолданыстағы заңнамада жаңа терминдердің жасалуының бірнеше түріне мысал келтіре отырып беріледі. Атап айтқанда:

а) екі немесе одан да көп сөздерден құралған терминдер бірнеше мағыналық байланыста болатын, басқа тілден енген термин сөздер арқылы. (мысалы: экспорт-импорт, валюталық мониторинг және т.с.с.)

ә) атрибутивтік-есімді (мемлекеттік есеп, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік бюджет және т.с.с.);

б) етістік-субстантивтік (орталықтандырылған тәртіп, талап қою құқығы және т.с.с.);

в) көбінесе зат есімнен, сын есімнен, етістіктен құралатын, бірнеше сөзден жасалған заң терминдері (инвестициялық қорлардың тиесілі пайлары, зейнетақы жинақтары құпиясы, үлестес тұлғалар, бағалы қағаздар нарығы және т.с.с.);

г) екі зат есімнен жасалған заң терминдері (мемлекет қаржысы, еңбек тәртібі, халықаралық келісім және т.с.с.);

ғ) сын есім мен зат есімнің тіркесіп келуінен жасалған заң терминдері (қажетті қорғану, үлестік меншік, ұсақ ұрлық және т.с.с.);

д) етістік пен зат есім тіркесінен жасалған заң терминдері (сынау мерзімі, тәртіптік жауаптылыққа тарту және т.с.с.);

е) үш және одан да көп компоненттен жасалған заң терминдері (ақша-кредит саясаты, қаржы қызметін тұтынушылар және т.с.с.);

и) зат есім мен етістіктің байланысы арқылы жасалған терминдер (пенсия тағайындау комиссиясы, куәден жауап алу, сауда ережелерін бұзу және т.с.с.).

Сонымен қатар мақалада заң тілі жалпы халықтық лексикадан бастау алатындығы, терминдер жасауда халықтық лексиканың қосар үлесі мол екендігі айтылған.

Қорытынды ретінде, заң терминдері мен заң тіркестері халықтық лексикадан екшеленіп, сұрыпталып алынған, айтуға оңай, мағынасы мейлінше дәл, тұжырымды болу керектігі туралы айтылған.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2016

##submission.howToCite##

Шынгысбаева, . Д. М. . (2016). ЗАҢ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ СӨЗЖАСАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(44). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/567

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан