ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ СТРАТЕГИЯСЫ

Авторлар

  • Сергей Михайлович Сивец

Кілт сөздер:

мемлекет, әлеуметтік саясат, құқық, құқық; әлеуметтік сала, мемлекеттік басқару органдар

Аңдатпа

Мақалада әлеуметтік мемлекеттің функционалдық табиғаты мен ұғымына ғылыми көзқарастарды талдау арқылы Беларусь Республикасының әлеуметтік саясатын тұрпаттамалауға талпыныс жасалған. Автор салыстырмалы-құқықтық аспектіде әлеуметтік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың нормашығармашылық және құқыққолдану қызметіне қарай Беларусь Республикасының әлеуметтік саясатын құру және іске асыруының конституциялық-құқықтық негізін зерттейді. Әлеуметтік саладағы мемлекеттік бағдарламаларды құру және іске асыру бағдарламалы-мақсаттық әдісі сынап талқыға салынған. Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруына арналған біраз бюджеттік ресурстарды пайдаланудың тиімсізділігі көрсетілген. Бұның себебі нақты сала (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау т.б.) шеңберіндегі өткізілетін іс-шараларды тиянақсыз ведомствоаралық үйлестіруі; сабақтас әлеуметтік салаларда басқарушылық шешімдерді қабылдаудың салдарын нақты болжау тетігінің жоқтығы; әлеуметтік жобаларға арналған бюджет қаражатын тек қана мақсатты және толық пайдалануға ғана емес, алайда бірінші кезекте мемлекеттік әлеуметтік саясаттың мақсаттарын шешуін нақты бақылаудың жоқтығы.

Мемлекеттік әлеуметтік саясатты өткізудің тиімділігін көтеру, оның кешендік және жүйелік сипатын беру мақсатында Беларусь Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік саясат министрлігіне (немесе Әлеуметтік дамыту министрлігіне) атқарымдық және құрылымдық қайта ұйымдастыруының қажеттілігі дәлелдеген. Және де стратегиялық әлеуметтік жоспарлау, әлеуметтік қарым-қатынастардың дамуын болжау, әлеуметтік даму бойынша ғылыми негізделген кешендік мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, ведомствоға қатысуына қарамай барлық әлеуметтік саясат объектілер қызметін үйлестіру, әлеуметтік саланың дамуын және әлеуметтік жобаларын іске асыру нәтижелерін тиісті бақылауын қамтамасыз ету функцияларын беру керектігі айтылған.

Сонымен бірге өткізілген зерттеу негізінде Беларусь Республикасының әлеуметтік саясатын құру және іске асыруының тиімділігін көтеру бойынша әкімшілік-құқықтық және заңшығармашылық сипаты бар ұсынымдар енгізілген.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2016

##submission.howToCite##

Сивец, С. М. (2016). ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ СТРАТЕГИЯСЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(45). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/600

Журналдың саны

Бөлім

Шетелдік тәжірибе