БЕЛАРУСЬТАҒЫ АЗАМАТТАР МЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ДАМУЫ

Авторлар

  • Николай Анатольевич Саванович

Кілт сөздер:

азаматтардың өтініштері, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың өтініштері, әкімшілік рәсімдер, электрондық өтініштер

Аңдатпа

Мақалада Беларусьтағы азаматтар және заңды тұлғалардың өтініштері туралы заңнама дамуының негізгі кезеңдері қарастырылған, сонымен бірге сол кездегі қолданыста болған актілерге сипаттама берілген:

1-кезең (1990-1996 жж.) – КСРО заңнамасын қолдануы;

2-кезең (1996-2011 жж.) – белорустық нормативтік құқықтық актілерде КСРО заңнамасының дамуы;

3-кезең (2011 ж. – бүгінгі күнге дейін) – құқықтық реттеудің дербес моделін құру.

Қазіргі кезеңдегі Беларусьтағы азаматтар және заңды тұлғалардың өтініштері туралы заңнаманың ерекшеліктеріне автор ерекше назар аударады (өтініштер туралы заңнаманың іске асыру саласындағы өтініштер санаттарын қысқарту, өтінішке құқығы бар субъектілер тобын кеңейту, процессуалдық регламенттеуді арттыру, өтініштерді беру тәсілдерін көбейту және т.б.).

Сонымен бірге автор Беларусьтағы осы заңнама институтын даму перспективаларын талдайды. Өтініштер туралы заңнаманы қолдану саласын тарылттыруына, өтініштерді беру тәсілдерін кеңейтуіне, өтініштерге құқығын теріс пайдалануға қарсы тұрудың құқықтық негіздерін құруға болжау жасайды.

Азаматтар және заңды тұлғалардың өтініштер туралы заңнама мен әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың ара қатынасына ерекше назар аударылған, себебі осы институттардың қызмет аясы едәуір деңгейде қиылысады.

Автордың пікірі бойынша әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманы қабылдауы өтініштер туралы заңнаманы сақтауымен бірге келеді. Дәлелдер ретінде өтініштер туралы заңнаманың елге ыңғайлылығы, қолжетімділігі, әкімшілік-рәсімдік заңнаманың негізгі терминологиясының өнделмегендігі, өтініштер туралы заңнаманың рәсімдік аспектілерін күшейтуі көрсетіледі. Сонымен бірге әкімшілік-рәсімдік заңнаманың тек қана кейбір санатты істерге керек аса күрделі талаптары көрсетілген.

Ал ең жеңіл істерді оңайлатылған тәртіпте тиімді түрде қарастыруы қажет. Өтініштер туралы заңнаманы осы тәртіпте қарастыру ұсынады. Әкімшілік мекемелердің елмен қарым-қатынасында тәсілдемелердің біртұтастығын қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың осындай жағдайда субсидиардық қолданудың келешегі бар деп саналады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.12.2016

##submission.howToCite##

Саванович, . Н. А. (2016). БЕЛАРУСЬТАҒЫ АЗАМАТТАР МЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ДАМУЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(45). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/601

Журналдың саны

Бөлім

Шетелдік тәжірибе