РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ МӘСЕЛЕГЕ
Кілт сөздер:
демократия, конституция, парламент, плебисцит, президент, референдум пәніАңдатпа
Мақалада референдумның құқықтық табиғаты тікелей демократия институты ретінде қарастырылады. КСРО, Қазақстан және кейбір ТМД елдеріндегі референдум өткізу тарихына шолу жүргізілді. 1995 жылғы 2 қарашада қабылданған Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңына сыни талдау жасау негізінде республикалық референдумның пәні, оны тағайындау тәртібі және оны тағайындау туралы бастамашылық білдіру қарастырылды. Осыған байланысты автор аталған нормативтік құқықтық актіні жетілдіру бойынша ұсыныстар келтірді. Атап айтқанда, республикалық референдумның пәні болып табылмайтын сұрақтардың тізімін (несие саясаты сұрақтарымен толықтыру, әділет сұрақтарын сот құрылымы және сот ісін жүргізу сұрақтарымен нақтылау, Президент, Парламент және оның Палаталарының өкілеттіктерін уақытынан бұрын тоқтату немесе мерзімін ұзартумен байланысты, сондай-ақ, мемлекет басшысы мен парламент депутаттарының уақытынан бұрын сайлауын өткізумен қатысты сұрақтарды осы тізімге енгізу) кеңейту туралы, референдум басшылығы құқығына ие субъектілер шеңберін кеңейту туралы, (мұндай құқықты Парламент депутаттарының 1/5-не беру), азаматтарға Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өткізуге бастамашылық құқығын беру, Президентті азаматтар тарапынан бастамашылық білдірілген жағдайда республикалық референдум тағайындауға міндеттейтін нормаларды енгізу туралы, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ тұлғалар шеңберін кеңейту туралы, азаматтардың бастамашыл тобын құрудың тәртібі мен қызметін нақтырақ бекіту туралы, халықтың жергілікті өзін-өзі басқаруға тікелей қатысу нысаны ретінде жергілікті референдум институтын енгізу туралы кеңейту туралы мәселе көтерілді.