ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫН САРАЛАУ АСПЕКТІСІНДЕ ТАУАРЛЫҚ БЕЛГІЛЕРДІ ЗАҢСЫЗ ТҮРДЕ ПАЙДАЛАНУДЫ ТЕРГЕУ КЕЗІНДЕГІ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАНЫМДАРДЫҢ РӨЛІ. УКРАИНА ПРАКТИКАСЫ

Авторлар

  • Инна Юрьевна Полищук

Кілт сөздер:

тауарлық белгі, сот сараптамасы, заңсыз пайдалану, контрафакт, саралау, аяқталмаған қылмыс, тергеу, материалдық зиян, ұтылған пайда

Аңдатпа

Тауарлық белгілерді заңсыз түрде пайдалануын тергеуде, зияткерлік жеке меншік аясындағы арнайы экономикалық танымдарды пайдаланбау мүмкін емес. Жүргізілген зерттеу негізінде, тауарлық белгілерді заңсыз пайдалану салдарынан келген материалдық зиянды анықтау бойынша сараптама тағайындаған жағдайда, мақаланың авторы міндетті түрде сұрақтарды заңсыз пайдалану тәсілдері бойынша ажыратуды ұсынды. Егер тергеу арқылы контрафактілі тауарларды нақты босатқаны анықталса,  автор сараптама шешіміне келтірілген зиян мөлшері туралы стандартты сұрақты шығаруды ұсынады. Тауарлық белгілерге қатысты барлық өзге заңсыз әрекеттерді  анықтаған жағдайда, автор «босатқан жағдайда .....» деген құрылымды  міндетті түрде пайдалануға назар аударады. Сонымен, сұрақтың келесі тұжырымдамасы ұсынылады: «№Х Куәлігіне сәйкес, аталмыш тауарлық белгіні ұрықсатсыз пайдалану арқылы дайындалған (сатуға ұсынылған; сақтауда тұрғаны анықталған)  тауардың Х бірл. босатылған жағдайда, тауарлық белгінің иесіне материалдық зиян қандай мөлшерде келтірілер еді?».  Украинада аяқталған қылмыс құрамы, ол  – тауарлық белгіні заңсыз пайдалануды тек контрафактілі тауарды сату құрайды, себебі «контрафактілі тауардың бірлігі түпнұсқалық тауардың бірлігін ысырады» деген болжамды ескере отырғанда, жәбірленген адамға тек осы әрекеттер ғана материалдық зиян келтіреді деген дәлелге автор  ұмтылды. Сондай ақ, мақалада барлық өзге заңсыз әрекеттердің құрамы формалды және олар аяқталмаған қылмыс тәртібі бойынша сарапталуы қажет деп көрсетілген. Тауарлық белгілерді заңсыз түрде пайдалану салдарынан келген материалдық зиянды белгілеу кезінде, материалдық зиянға жіктеу міндетті болып табылады, ол қылмыстық құрама сипат болуы мүмкін, және де азаматтық құқықты қорғау тәртібінде төлене алады деп автор болжамдайды. Әрекеттегі теориялық көзқарастар мен тәжірибелік сараптама әрекеттеріне байланысты, материалдық зиянды есептеуде жетілдірілген анықтама мен тәсіл ұсынылады, оның негізінде тауарлық белгілерді заңсыз пайдалану салдарынан келген әрекеттер сараптауы жүргізіледі.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2018

##submission.howToCite##

Полищук, . И. Ю. . (2018). ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫН САРАЛАУ АСПЕКТІСІНДЕ ТАУАРЛЫҚ БЕЛГІЛЕРДІ ЗАҢСЫЗ ТҮРДЕ ПАЙДАЛАНУДЫ ТЕРГЕУ КЕЗІНДЕГІ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАНЫМДАРДЫҢ РӨЛІ. УКРАИНА ПРАКТИКАСЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(50). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/637

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық