ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ БОЙЫНША КӨЗДЕЛГЕН АДАМДЫ КЛОНДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫС ОБЪЕКТІСІ МЕН ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Авторлар

  • Сәкен Тәліпбайұлы Кемелбеков
  • Назым Айтбайқызы Сәулебек

Кілт сөздер:

Қылмыстық кодекс, адамды клондау, қылмыс объектісі, қылмыстың объективтік жағы, қылмысты саралау

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақала 2014 жылғы 3 шілдеде қабылданған жаңа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне енгізілген нормалардың дұрыс саралануы мен қолданылуына қатысты іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеудің шеңберінде жүзеге асырылды.

Бүгінгі қазақстандық қоғамда құқықтық институттардың дамуына орай, заңдылық қағидаттарын қамтамсыз ету аясында заңнамалық реттеуді жаңғыртуын және қылмыстық заңдылық тәртібінің бекітілуін қарастыра отырып, мамандар осы сала негіздерін әрі қарай жетілдірудің қажеттілігін атап өтеді.

Осы мақаланың авторы назарды адамды клондау қылмыс құрамының қылмыстық-құқықтық реттелуінің жетілдіруіне аударады. Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын басшылыққа ала отырып, тиімді құқықтық саясат жүргізу арқылы адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Бұл мақалада айтылған мәселелердің нәтижелі шешімі қылмыстық заңнаманы әрі қарай жетілдіру, қылмыстың объектісін дұрыс анықтау, қылмыс құрамының объективтік жағының белгілерін түсіндіру арқылы құқық қолданушыларға қолайлы жағдай жасау, ондағы қылмыстың аяқталмаған сатыларында және қылмыстық құқық бұзушылықты сыбайлас қатысумен жасалған әрекеттерін дұрыс саралауға ерекше көңіл бөлінген.

Қылмыстық құқық саласындағы жинақталған құқықтық талдауға және теориялық көзқарастарға сүйене отырып, авторлармен қылмыстық-құқықтық саясатты құруда және тәжірибе жүзінде іске асыруға қатысты сот органдары, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары және құқық қолданушылар, заң саласында білім алып жатқан студенттер үшін құқықтық бағдар бола алатын ұсыныстар әзірленді.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2018

##submission.howToCite##

Кемелбеков, С. Т., & Сәулебек, Н. А. . (2018). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ БОЙЫНША КӨЗДЕЛГЕН АДАМДЫ КЛОНДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫС ОБЪЕКТІСІ МЕН ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(50). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/638

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс