КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТИІМСІЗДІГІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕCІНЕ

Авторлар

  • Сергей Иванович Климкин
  • Асель Габиденовна Казбаева

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_69_2_195

Кілт сөздер:

нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық мониторингі, заңнаманың тиімділігін талдау, заңның кемшіліктері, заңды тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар,, үкіметтік емес ұйымдар, құқықтық мониторинг

Аңдатпа

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 Заңының (бұдан әрі - Заң, талданатын Заң) 1-бабының бірінші бөлігіне сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың құрылуына, қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты туындайтын қатынастар Заңның реттеу нысанасы болып табылады.

Саяси партиялардың, кәсіптік одақтардың, мекемелердің жекелеген түрлерінің, қоғамдық бірлестіктердің, тұтыну кооперативтерінің, діни бірлестіктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, коммерциялық емес ұйымдардың өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарының құқықтық жағдайының, құрылуының, қызметінің, қайта ұйымдастырылуының және таратылуының ерекшеліктері арнайы заңдармен реттеледі (Заңның 1-бабының екінші бөлігі, 3-бабының 3-тармағы, 8-бабының 3-тармағы, 11-бабының 3-тармағы, 14-бабының 6-тармағы, 15-бабының 3-тармағы, 17-бабының 3-тармағы, 39-бабының 6-тармағы).

Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті төлемдер есебінен құрылған қорлардың құрылуына, қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты туындайтын қатынастар осы Заңның реттеу нысанасы болып табылмайды (13-бабтың 6-тармағы).

Осы Заң 6 тарауға біріктірілген 43 баптан тұрады:

  • 1-тарау. Жалпы ережелер;
  • 2-тарау. Коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысандары;
  • 3-тарау. Коммерциялық емес ұйымды құру, қайта ұйымдастыру және тарату;
  • 4-тарау. Коммерциялық емес ұйымдардың қызметi;
  • 5-тарау. Коммерциялық емес ұйымды басқару;
  • 6-тарау. Мемлекет және коммерциялық емес ұйымдар.

Заң қабылданған күннен бастап оған Қазақстан Республикасының заңдарымен 45 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін, оның ішінде соңғылары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 9 маусымдағы № 49 - VII Заңымен енгізілгенін атап өту қажет.

Бұдан басқа, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының Адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлығын орындау үшін және үкіметтік емес ұйымдармен (бұдан әрі – ҮЕҰ) өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеуге кірісті. Сонымен қатар, бұл заң жобасын «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3-I Заңын қосып алу арқылы жаңа редакцияда әзірлеу жоспарлануда.

Осындай мән-жайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылының мәселелерін және тұтастай алғанда заңды тұлғалардың бөлінуін ескере отырып, сіздің көз алдыңызға ұсынылған мәселе уақтылы әрі орынды болады деп пайымдаймыз. Мақала Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 және «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3-I Заңдарының тиімділігін талдау нәтижелері бойынша дайындалды.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2022

##submission.howToCite##

Климкин S. I., & Казбаева, А. Г. (2022). КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТИІМСІЗДІГІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕCІНЕ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(69). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_69_2_195