ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҒЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК

Авторлар

  • Ербол Ағыбайұлы Омаров

Кілт сөздер:

институты, сала, құқықтық көмек, халықаралық ынтымақ, қылмыстық-процестік құқық

Аңдатпа

Қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберінде мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастық шегінің кеңеюі кейбір құқықтық санаттарды зерделеудің әдіснамалық жағын қайта қарауға себеп болып табылады. Ұсынылған мақалада қылмыстық-процестік құқық құрамына кіретін, халықаралық ынтымақтастық саласының дербес институты ретінде құқықтық көмекті бөлу мәселесін шешу мақсатында, қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету процесінде туындайтын қылмыстық-процестік қатынастар қарастырылады. Жүйелі талдау, салыстырмалы-құқықтық және формальді-құқықтық әдістерді қолдану – құқық жүйесіндегі құқықтық көмек пен халықаралық ынтымақтастықты әдістемелік реттеудің өзекті мәселелерін анықтауға ықпал етті. Қарастырылып отырған саладағы ғалымдардың пікірлерін зерделеу нәтижесінде, автор ғылыми әдебиетте аталған құқықтық институт, субинститут, сондай-ақ құқық саласына қатысты бірыңғай пікір жоқ екендігін байқады, тиісінше, құқықтық көмек және халықаралық ынтымақтастық санатын қарастыру кезінде әдістемелік қиындық туғызады. Автор халықаралық ынтымақтастықты талдай келе, халықаралық ынтымақтастықтың жалпы ережелері түсіндірілетін, өзге процессуалдық институттар, ерекше әдістер мен құқықтық реттеу тәсілдері, арнайы қағида, дербес бөлім шегінен шығатын, реттеу пәні – арнайы құқықтық қатынастар, бірнеше дербес институттарды сыртқы белгілеу мен біріктіру түрінде көрінетін оның ерекшеліктері бөлінді. Құқықтық көмек – халықаралық ынтымақтастық құқықтық саласының құрамындағы қылмыстық-процестік құқықтың дербес институты юолып табылатындығы жөнінде автор тұжырым жасады. Құқықтық көмек пен халықаралық ынтымақтастықтың ғылыми түсінігін көрсететін нәтижелер, толығымен алғанда халықаралық ынтымақтастық пен қылмыстық процесс мәселелерін зерделеу, сондай-ақ заңшығармашылық қызмет пен құқықтық пәндерді оқыту бойынша оқу және тәжірибелік құралдар, оқу-әдістемелік ұсынымдарды дайындау барысында, одан әрі ғылыми полемика үшін және жаңа ғылыми зерттеулер жүргізуде негіз болуы мүмкін.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2018

##submission.howToCite##

Омаров , Е. А. (2018). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК ҚҰҚЫҒЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(50). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/642

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс