ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЖАУАП АЛУ ИНСТИТУТЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
Қылмыстық іс жүргізу кодексі, қылмыстық іс жүргізу құқығы, жақсарту, жәбірленушінің немесе куәгердің тергеу судьясынан жауап алу туралы адвокаттың өтініші, ғылыми-техникалық құралдар, Мемлекеттік қызмет көрсету орталығы, жасөспірімдер, педагог, психолог, жауап алу бөлмесіАңдатпа
«2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Мемлекет Басшысының Жарлығын іске асыру шеңберінде, Қылмыстық-үрдістік заңнаманы тиімді қолдануды қамтамасыз ету үшін қылмыстық үрдісті жеңілдету, оңтайлы құқықтық механизмдерді енгізу мақсатында 2014 жылғы Қылмыстық-үрдістік кодекске «Айғақтарды сақтауға қою» және «Қашықтықтан жауап алу» институттары енгізілді.
Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресстің жетістіктері адам өмірінің барлық қырларына, сонымен қатар қылмыстық сот ісін жүргізу саласына да енгізілді. Қашықтықтағы жауап алынатын адамдардан жауап алуды жүргізу үшінғаламдық ақпараттық-компьютерлік желі, яғни Интернет арқылы мүмкіндік туды. Интернет өз кезегінде компьютерлік желіні қолданушылар мен жеке дара компьютер қолданушылары арасында да ақпарат алмасуды байланыстырады.
Қашықтықтан жауап алуды қолданудың техникалық жағына назар аудармай тұрып, бұл сөздің мәніне көз салу қажет. Жауап алатын адам (мысалы, тергеуші немесе судья) бір бөлмеде, ал жауап беретін адам (куәгер, жәбірленуші, айыпталушы) – басқа жерде, кейбір жағдайларда – басқа мемлекет аумағында болуы мүмкін. Тергеу ісінің жүргізілуі (қашықтықтан жауап алу) бейне байланыс режиміндегі ғылыми-техникалық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады және сол мемлекеттердің ішкі заңнамасына сәйкес орындалады.
Сонымен қатар, бұл мақалада жәбірленуші не куәгерлердің тұрғылықты жеріне сәйкес, сол ауданның Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы, кей жағдайларда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратындардың ғылыми-техникалық құралдарының көмегімен қашықтықтан жауап алу мәселесін шешу жолдары қарастырылған. Сондай-ақ кіші жастағы балалар мен кәмелетке толмағандардан қашықтықтан жауап алу барысында педагог және (немесе) психологтың қатысуы туралы сұрақтар қарастырылған.
Авторлардың бұл ұсыныстары уақытты үнемдеуге ғана емес, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүзеге асыру үшін іс-жүргізу шығындарын азайтуға да мүмкіндік береді.