ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ГААГА КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ САТЫЛАРЫ

Авторлар

  • Сағынғали Жоламанұлы Айдарбаев
  • Даная Садыкова

Кілт сөздер:

халықаралық жеке құқық, халықаралық ұйым, Гаага конференциясы, қалыптасу

Аңдатпа

Мақала тақырыбының өзектілігі ең алдымен соңғы онжылдықтар ішінде күшейіп келе жатқан жаһандану жағдайында жеке-құқықтық сипаттағы қоғамдық қатынастар ұлттық заңнама шегінен жиі шығып, осының салдарынан шетелдік элементпен күрделенген құқықтық коллизиялар пайда болуымен анықталады. Мұндай жағдайлар үшін унификацияланған шешімдерді шығарумен көптеген халықаралық ұйымдар айналысады және солардың ішінен Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясы ерекше сипатқа ие.

Жалпы әлемдік қоғам үшін де, Қазақстан Республикасы үшін де халықаралық жеке құқық нормаларын унификациялаудың өзектілігі, сөзсіз. Гаага конференция шеңберінде жасалған және қабылданған конвенциялар халықаралық жеке құқық бойынша ұлттық заңнама мен құқық қолдану тәжірибесіне маңызды әсерін тигізеді. 2017 жылдан бастап осы халықаралық ұйымның ресми қатысушысына айналған Қазақстан үшін бұл ерекше маңызға ие.

Оқырман қауымына ұсынылып отырған мақала шолулық сипатқа ие. Авторлар Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциясының тарихына үңіледі, оның қызметінің XIX ғасырдың аяғынан бастап осы күнге дейінгі эволюциясына назар аударады. Бұл халықаралық ұйымның қалыптасу жолын авторлар бірқатар сатыларға бөліп қарастырған. Және осы қарастыру кезінде сыныптаудың негізі ретінде олар хронологиялық және мазмұндық тәсілдік басшылыққа алған. Мәселен, Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциясының бастапқы қызмет ету сатысын олар хронологиялық тұрғыдан 1893 жыл мен 1925 жыл аралығымен шектейді. 1925 жылдан бастап 1950 жылға дейін бұл халықаралық ұйым өз қызметінде, авторлардың пікірі бойынша, стагнация сатысынан өтті. Тек 1950 жылдан бастап Гаага конференциясы өзінің жемісті қызметіне толығымен кірісті және бұл кезең осы күнге дейін жалғасуда.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2018

##submission.howToCite##

Айдарбаев , С. Ж. ., & Садыкова, . Д. . (2018). ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ГААГА КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ САТЫЛАРЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(50). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/645

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану