ШЕТЕЛ ЗАҢНАМАСЫН ТАЛДАУ: ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ «ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚАРЖЫЛАР ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ

Авторлар

  • Абай Абылайұлы

Кілт сөздер:

заң, қылмыстық қаржылар, шығу тегі түсініксіз байлық, тәркілеу, қылмыстық пайданы заңдастыру, халықаралық шарт

Аңдатпа

Автор мақалада мемлекет пайдасына тәркілеу мақсатында жылжымалы және жылжымайтын мүлікке қатысты «шығу тегі түсініксіз байлық» түсінігін енгізген, жаңа «Қылмыстық қаржылар туралы» Ұлыбритания Заңын талқылайды. Автор аталған Заңды қабылдау негізді пікірталастарды тудыратынын белгілейді, себебі жаңа енгізілімдерге сәйкес құқық қорғау органдары айыптау үкімі негізінде мүлікті тәркілеудің қалыпты механизмінде орын алатын табыс және байлық арасындағы байланысты расстау міндетті емес болып келеді.  Жаңа енгізілімдерге сәйкес мүліктің пайда болғанының заңды табыс көзін дәлелдеу ауыртпалығы  мүлік иесіне жүктеледі. Мақалада заңнамалық жаңалықтар туралы мәселелер, мүмкін салдары, шет мемлекеттердің ұқсас актілері, қылмыстық табыстарды заңдастыру және терроризмді қаржыландырумен күресу аясындағы Қазақстанда әрекет ететін заңнамасы,  Қазақстанда «Қылмыстық қаржылар туралы» заңын қабылдау мүмкіндігі мен салдары талқыланған.

Өткізілген саралау негізінде автор Қазақстанда «Қылмыстық қаржылар туралы» заңын қабылдауы кезінде оның нормалары қазақстандық құқықтық жүйесінің негізгі қағидаларына, конституциялық нормалар мен адам құқықтарын қорғау нормаларына қарсы болады деген қорытындыға келеді. Салдары мен оң жақтары үйлесімсіз болғандықтан, Қазақстанда Ұлыбританияға аналогиялық мұндай арнайы заңды қабылдау ертерек болып табылады. Мемлекеттің мұндай өзгерістерге дайындығын тексеру мақсатында «негізсіз баюды» қылмыстандыру және 2003 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 20-бабында бекітілген халықаралық құқықтық міндеттемені имплементациялау ұсынылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2018

##submission.howToCite##

Абылайұлы, А. . (2018). ШЕТЕЛ ЗАҢНАМАСЫН ТАЛДАУ: ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ «ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚАРЖЫЛАР ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(50). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/646

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану