ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘУЕ КЕҢІСТІГІН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ АВИАЦИЯ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕЙТІН ЗАҢНАМАСЫН ТАЛДАУ
Кілт сөздер:
әуе транспорты, әуе кеңістігі, авиация, сертификация, әуе кемесі, авиация персоналы, авиациялық қауіпсіздік, аэродром, ұшу ережелеріАңдатпа
Бұл мақалада авторлармен құқықтық мониторинг шеңберінде Қазақстан Республикасындағы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі реттелуінің кейбір мәселелері қарастырылды.
Қарастырылатын тақырыптың өзектілігі Қазақстанда бүгінгі күні авиацияны дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде көзделуінде, оның ішінде ҚР заңнамасын халықаралық стандарттарға сәйкес келтірудің, сондай-ақ бұл саланың ЕурАзЭҚ аумағында реттеу бойынша бірыңғай тәсілдемені қамтамасыз етудің қажеттілігін ескеру қажет.
Айтылғанға байланысты авторлармен әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы ҚР заңнамасының нормалары (атап айтқанда, сертификация, авиация персоналына қойылатын талаптар, ұшу ережелері, ұшу қауіасіздігін басқару, әуе кемелеріне қызмет көрсету, ұшу жарамдылығы нормалары, метеорологиялық және радиотехникалық қамтамасыз ету саласында және т.б.), ИКАО халықаралық стандарттары және ұсынбалы практикасы (ИКАО стандарттары), сондай-ақ бұл саладағы ЕурАзЭҚ мемлекет-мүшелерінің заңнамасы зерделенді.
Талдау барысында авиация нарығына кіруге кейбір орынсыз әкімшілік тосқауылдар, олқылықтар, түрлі сипаттағы сәйкессіздіктер мен коллизиялар айқындалды, оның негізінде озық шетел тәжірибесі мен қазіргі кездегі ЕурАзЭҚ мемлекет-мүшелерінің заңнамасын үйлестіру үрдісі ескеріле отырып, ҚР заңнамасын жетілдіру бойынша тиісті қорытындылар мен ұсыныстар әзірленді.