СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ТАЛДАУ
Кілт сөздер:
сыбайлас жемқорлықпен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қылмыс, құқықтық мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруАңдатпа
Сыбайлас жемқорлықты жаһандық әлеуметтік зұлым ретінде мойындай отырып және сыбайлас жемқорлық ежелгіден бар екенін белгілей отырып, ұлттық мүдде мен саяси тұрақтылықты бұзатын бұл негативтік құбылыспен күресті үнемі жүргізіп отыру қажет. Автор мақалада «сыбайлас жемқорлық» терминінің түрлі анықтамасын көрсеткен және онымен күресті өте өзекті екенін атап өткен және күресті бүкіл қоғам болып жүзеге асыру керек деп тұжырымдайды. Қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу үшін оның кез келген көрінісіне нөлдік төзбеушілікті қалыптастыруды айқындайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру керек. Мақалада «мәдениет» ұғымына түсінік беріледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет құқықтық мәдениет жүйесінде негізгілердің бірі болып табылады делінген. Автор сыбайлас жемқорлық мәдениетін адамның сыбайласқа қарсы тұра алатын саналы қабілеті деп белгілейді. Ол үшін адам құқықтық мәдениетке, жоғарғы адамгершілік моральдік мәдениетке ие болуы керек. Бұл адамның керекті құқықтық санаға ие болуын көрсетеді, яғни адам құқықтық құбылыстар жайлы, құқықбұзушылық үшін жауапкершілік бар екенін білуі керек. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негізін адамды заң негізінде өмір сүру керектігін үйрететін, заңды сыйлау және өз құқықтарын қорғау сияқты адамгершілік-құқықтық мәдениет жатқанын тұжырымдайды. Автор осы мәселені зерделеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру адамның адамгершілік және құқықтық мәдениетіне негізделген деп санайды. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиені тұрақты, үздіксіз, мақсатты және жан-жақты жүргізу қажет. Сыбайлас жемқорлықты жою немесе азайту үшін қоғамдық сананы жоғарылату қажет, сонымен бірге қоғамның әрбір мүшесінің құқықтық санасында жоғарылату керек. Қоғамдық сананы жоғарылату дегеніміз қоғамдық сананы модернизациялау дегенді білдіреді, яғни жеке тұлғаның және қоғамның санасын қазіргі өмірдің талабына сәйкестендіру, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасын құруды білдіреді.