ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІНІҢ (ЖАЛПЫ БӨЛІМ) ЖЕКЕЛЕГЕН ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ТАЛДАУ
Кілт сөздер:
кооператив, өкілдік, иелену мерзімі, меншік құқығын қорғау, міндеттемені орындау әдістері, алдын ала шартАңдатпа
Осы мақалада авторлармен құқықтық мониторинг шеңберінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің жеке нормалары қаралған. Өткізілген талдау барысында келесі қорытындылар жасалынды.
Біріншіден, құқықтық мониторинг Азаматтық кодексінің 96 бабы мен «Ауылшаруашылық кооперативтер туралы» Заңының арасындағы қарама-қайшылықтарды жою қажеттілігін көрсетті.
Екіншіден, Азаматтық кодексті және оны қолдану практикасын талдау, заңды өкілдермен кәмелетке толмағанның мүдделерін заңды өкіл мәміленің тарабы болған жағдайда өкілдік ету мүмкіндігі жағынан, 163 бапты «Өкілдік» нақтылауды талап етеді.
Үшіншіден, мақала аясында меншік құқық бойынша бір топ сұрақтар көтерілген. Соның ішінде, меншік құқықты иелену негіздеріне арналған Азаматтық кодексі нормаларының бәсекелестігі анықталған; 240 бапты «Иелену мерзімі» және оны қолдану практикасын дәлме-дәл түсіндіру сәйкессіздігі; 242 баптың «Иесіз заттар» мазмұнын «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының ережелерін есепке алып қайта қарау қажеттілігі; меншік құқығынан бас тарту нысандарын нақтылау қажеттілігі; 252 бапты «Заңнамалық актілердің күшіне орай мүліктерді иелене алмайтын тұлғаның меншік құқығын тоқтату» іске асыру проблемасы.
Төртіншіден, өткізілген зерттеуге сәйкес 290 бап «Міндеттеменің орындалуын куәландыру» міндеттеменің орындалуын куәландыруды электрондық түрде жасауға мүмкіндік беретін нормамен толықтыруды талап етеді.
Бесіншіден,талдау нәтижелері 338-1 бап «Ұстап қалу туралы жалпы ережелер» бойынша қарама-қайшылықтар мен олқылықтарды көрсетеді, сондықтан аталған бап нақтылауды талап етеді.
Алтыншыдан, Азаматтық кодексі талдауының маңыздылығы кем емес қыры болып алдын ала шарт бойынша кепілпұл, сондай-ақ алдын ала шарттағы мүліктік міндеттемелер секілді ережелер тұр.