ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДЕ КЕЙБІР ТЕРМИНДЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Нұрқыз Арысбекқызы Нұрбаева

Кілт сөздер:

терминдерді қалыптастыру, терминдердің бірізділігі, ғылыми талдама

Аңдатпа

Мақалада терминдерді қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Кейбір терминдердің қазіргі жай-күйі талданған.

Қазіргі қазақ тілінде түрлі білім саласының көптеген арнаулы терминдері бар. Олардың көпшілігі заңнама саласында қолданылады. Алайда заңнамада қолданылатын терминдердің мағынасы әрқашан түсінікті бола бермейді. Сондықтан қарапайым және түсінікті терминдерге артықшылық беру керек. Тым күрделі және түсініксіз терминдерді пайдалануға болмайды. Терминдерді түсіну заңнамалық актілердегі олардың анықтамасының анықтығына байланысты болады.

Мақала тақырыбының өзектілігі заңнамалық актілерде терминдердің қолданылу проблемаларын зерттеуден тұрады. Автор осы мақалада терминдерді біріздендіру және терминдердің тарихын зерттей отырып, қазақ тіліндегі терминдерді жасаудағы талаптарды нақтылау мәселелерін қозғайды. Терминдерді заңнамада дұрыс пайдаланбаған кезде теріс нәтижелер болатын мән-жайларға талдау жасайды. Автор заңнамалық актілерде қолданылатын кейбір терминдерді қайта қарауды ұсынады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.03.2018

##submission.howToCite##

Нұрбаева, Н. А. . (2018). ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРДЕ КЕЙБІР ТЕРМИНДЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(50). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/659

Журналдың саны

Бөлім

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан