ЗАҢНАМАДАҒЫ ТЕРМИНДЕР МӘСЕЛЕСІ
Кілт сөздер:
тіл, термин, заңнама, құқық, терминдерді біріздендіруАңдатпа
Мақала ұлттық заңнама сапасына, заңнама саласындағы тіл және термин жасау мәселелеріне, термин қорының қалыптасуына арналған. Мақала мазмұнына қарай екі тақырыпшаға бөлініп алынған. Бірінші тақырып бойынша, шет тілінен қазақ тіліне аударылатын терминдердің жай-күйі,бірнеше жылдан бері тілімізге еніп, сіңісіп кеткен шет тілі терминдерінің бәрін бірдей аудару міндет емес екені туралы айтыла келіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауында айтқан сөзі цитата ретінде келтіріледі. Әрі қарай мәселенің негізгі өзегін,сөздің бәрі термин бола бермейтіндігін баяндап, оны шешу жолдары қарастырылады, қазақ ұлтының терминдер тарихын кезең-кезеңге бөліп зерттеу керектігі жайлы ұсынысын айтады.
Мақаланың екінші бөлігінде терминдер мен сөздерді бірізділікке келтіру, заңнамадағы терминдердің қолданылуы, қазақ және орыс тілдеріндегі заң мәтіндерінің дұрыс аударылу мәселесі сөз болады.Қазақстан Республикасының заңдарынан, Кодекстен мысалдар келтіріліп, қате аударылған терминдер мен сөйлемдердің дұрыс аударылу нұсқасын алға тартады. Қазақ және орыс тілдеріндегі заң мәтіндерінде заң техникасы ерекшеліктерінің сақтала бермейтіндігін тілге тиек етеді.Автор сонымен бірге, заңнамаға іргелі зерттеу жүргізіп, мысал келтірумен ғана шектелмей, 2015-2016 жылдарға дейін жарыққа шыққан орфографиялық, терминологиялық сөздіктерді тағы бір рет қайта шолу жасап, сұрыптау қажет дейді. Сондай-ақ әрбір сөз бірлігінің мәтіндегі қолданылу ерекшелігіне, оның құқықтық нормамен мағыналық үйлестігіне егжей-тегжелі зер салу үшін шығармашылық көзқарастың керектігін,ұлттық заңнаманы қалыптастыруда терминдер мәселесін шешу күн тәртібіндегі межелі іс екендігінайтады.