ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Кілт сөздер:
қылмыстық процесс, жедел-іздестіру қызметі, қарсы барлау қызметі, заңнамалық реттеуАңдатпа
Мақаланың мақсаты Қазақстан Республикасында жедел-іздестіру қызметін заңнамалық реттеу келешегін ғылыми болжаудан тұрады. Автормен Қазақстандағы жедел-іздестіру заңнамасының қалыптасу процесі зерттелді, қылмыстық процесс пен жедел-іздестіру қызметінің ара қатынасының негізгі аспектілері қарастырылды. Бұрынғы одақтық Республикалардың қылмыстық-процестік және жедел-іздестіру қызметін салыстырмалы-құқықтық талдау, сондай-ақ отандық және шетел ғалымдардың теоретикалық көзқарасын зерттеу нәтижесінде посткеңестікте құқық қорғау органдары жұмысының жасырын әдістерін нормативті реттеудің негізгі үрдісі анықталды. Қазақстанның қылмыстық процесінде жасырын тергеу әрекеттері институтының пайда болуы және қарсы барлау қызметін реттейтін дербес заң қабылдануы, жедел-іздестіру қызметі міндеттерінің санын қысқартуға әкеледі және «Жедел-іздестіру қызметі туралы» ҚР Заңының болашағы және оның жойылу мүмкіндігі туралы мәселені көтеруге негіз береді. Автор «Жедел-іздестіру қызметі туралы» ҚР Заңының сақталу және алдағы отандық жедел-іздестіру заңнамасын жетілдіру мен жүйелеу қажеттігі туралы ұстанымын қорғайды. Өз дәлелдерін растауда автор, қылмыскер мен хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеу, қылмыстарды профилактика және тексеруші жұмыс құқық қорғау қызметінің маңызды бағыттары танылатындығын, алайда қылмыстық-процестік және қарсы барлау қызметі заңнамасымен реттелмейтіндігін белгілейді. Сондай-ақ, 2017 жылы жедел-іздестіру қызметінің міндеттері ұйымдарға коммерциялық құпияны қорғауда жәрдемдесумен толықтырылды, бұл «Жедел-іздестіру қызметі туралы» ҚР Заңының әрекет ету саласы әлеуетті кеңейтілгендігін көрсетеді. Жедел-іздестіру заңнамасының жүйелендіру келешегі туралы ойлана келе, автор болашақтағы оның кодификациялануын шығарып тастады. Сонымен бірге, кодификация – бұл заңнаманы жүйелендірудің жалғыз құралы емес. Басқа құралдарды қолдану қажет, мысалы, консолидацияны.