АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_70_3_171Кілт сөздер:
Атом энергиясы, декарбонизация, климаттың өзгеруі, халықаралық ынтымақтастықАңдатпа
Әлемдік қоғамдастық ядролық энергетиканың, оның ішінде атом өндірістері мен атом инфрақұрылымы объектілеріндегі авариялардың, ядролық технологияларды қылмыстық мақсаттарда пайдалану мүмкіндігінің орасан зор қауіптілігінің болуын мойындайды. Сонымен бірге, ядролық технологияларды пайдаланудан дереу бас тарту адамға да, экологияға да теңдесі жоқ үлкен зиян келтіруі мүмкін. Әлемнің көптеген елдерінің декарбонизация саясатына көшуі жағдайында атом энергетикасына ерекше рөл алады. Атом энергетикасы саласындағы құқықтық реттеудің қолданылу аясын кеңейту мақсатында бүгінгі күні қандай саяси-құқықтық алғышарттар бар деген мәселе осы зерттеудің нысанасын негіздейді. Жұмыста қолданылатын саяси-құқықтық талдау әдісінің көмегімен зерттеу атом энергетикасы саласындағы, құқықтық реттеу саласындағы қазіргі заманғы халықаралық бастамалар қандай бағытта дамып жатыр деген сұраққа жауап беру арқылы, сондай-ақ жоғарыда аталған салада заңнамалық реттеу қандай деңгейде және қандай нысанда жүзеге асырылатыны туралы түсінік беруге арналған. Зерттеу таяу болашақта ЕО, ТМД деңгейінде атом энергетикасы саласындағы құқықтық реттеу саласын кеңейту негізінен құқықтық актілерінің, сондай-ақ атом инфрақұрылымы объектілері жұмыс істеуінің техникалық аспектілеріне қатысты екі жақты шарттардың көмегімен жүзеге асырылады деп пайымдауға негіз береді. Тәжірибелік тұрғыдан алғанда, бұл зерттеу халықаралық қоғамдық, халықаралық жеке, сондай-ақ энергетикалық құқық саласында жұмыс атқаратын заңгерлер үшін қызығушылық тудырады.