ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘДЕТ ҒҰРЫП НОРМАЛАРЫНЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ҚҰҚЫҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_64_1_258Кілт сөздер:
халықаралық әдет құрып құқығы, Еуропалық Одақ құқығы, халықаралық ұйым, халықаралық шарт, тікелей және жанама эффектАңдатпа
Мақала халықаралық әдет ғұрып құқығының (бұдан әрі - ХӘҒ) Еуропалық Одақ (бұдан әрі - ЕО) құқығының аясында қолданылу мәселелеріне арналған. Еуропалық Одақ Соты (бұдан әрі - ЕОС) басқа да халықаралық сот органдары тәрізді өзінің тәжірибесінде ХӘҒ нормаларын қоладанады. Алайда Еуропалық Қауымдастықтың өзгеше табиғатына байланысты қолданылу барысында кейбір қиындықтар туындайды. ЕО әр түрлі ұлттық юрисдикциялардан тұратындықтан, сонымен қатар, ұлтүстілік Еуропалық юрисдикциялық институттар бар болғандықтан аталмыш ХӘҒ нормаларын тікелей қолдану қиындық тудырады.
Аталмыш мәселелерді тереңірек талдау мақсатында автор ХӘҒ нормаларының ЕО құқығында алатын орнын және рөлін талдайды. Оған қоса, ЕОС-ның неліктен кейбір шешімдерінде ХӘҒ нормаларының құқықтық күшін анықтап, кейбірінде одан бас тартуының себептерін анықтауға тырысады. ЕОС субъективті және объективті элементтерден тұратын дәстүрлі танымал формуласын әдет ғұрыптың нормативтілігін анықтауда қолданады ма жоқ па деген сұраққа жауап қарастырады.
Аталған сұрақтарға жауап табу мақсатында автор ХӘҒ нормаларын қолданудың түрлі әдістері мен қағидараларын ЕОС-ның қолданыстағы тәжірибесіне сүйене отырып талдайды. Сонымен қатар, мақалада ХӘҒ аясында ЕО құқығы мен ЕО-тың үшінші мемлекеттерге қатысты міндеттемелерінің өзара байланысына қатысты кейбір мысалдар келтірілген және ЕО заңнамасының заңдылығына шолу жасау мақсатында, халықаралық әдет ғұрыптың жеке тұлғаларға қатысты қолданылу жолдары қарастырылған. Зерттеудің нәтижесі ретінде автор өзінің тұжырымдамаларын жасайды.