ТЕРМИНДЕР ҚОРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ (әскери іс саласы мысалында)
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2022_69_2_213Кілт сөздер:
терминдер, Терминком, әскери іс саласы, қателер, қайта қарау, пысықтау, нақтылау, түзету, ұсыныстарАңдатпа
Қазақ тілінің, оның ішінде заңнама лексикасы да, үнемі даму үстінде. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бері тілдің де, оның басты бірлігі – сөздердің де өзгеру динамикасы тіл лексиканың едәуір жақсарғанын көрсетеді. Олардың арасында қолданысқа жақсы еніп кеткен нұсқалармен қатар, біржолғы іспеттілері де бар. Мысалы, «заңнама», «құқық», «сала», «зияткерлік құқық» сияқты нұсқалардың қолданылуы күннен-күнге кеңейіп отыр. Ал «азаматтық заңнама қалыптары», «азаматтық заңдар», «заң құжаттары» және т.с.с. нұсқалар құқықтық-лексикалық айналымнан әлдеқашан шығып қалған.
Осындай мысалдардың зерттелетін объектіге – терминдер қорына тікелей қатысы бар. Қазақ тіліндегі барлық тілдік бірліктер – терминдер ресми айналысқа енгізілуі үшін құзіретті органның жанынан құрылған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық терминология комиссиясында қаралып, мақұлдануы тиіс. Бірақ мұндай жоғары заңдастыру рәсімінің өзі де терминдер мен сөздердің қолданылуына кепілдік бере алмайды. Олардың арасында сәтті және сәтсіз нұсқалар бар. Сондықтан осы уақытқа дейін мақұлданған 400 000-ға жуық терминнің арасында қате нұсқалар да жетерлік. Ең төменгі деңгейде зерделеніп ұсынылғанына, тиісті деңгейлер мен жеткілікті уақыт ішінде зерттелгеніне, мемлекеттік құрылымдар тарапынан мақұлданғанына қарамастан терминдер қорында кемшіліктер өте көп.
Терминдер қорындағы тілдік бірліктерді зерделеу. талдау, қателерін анықтау оларға арнайы қолданбалы ғылыми зерттеуді жүргізуді қажет етеді. Сондықтан осындай зерттеудің нәтижелері бойынша жазылған мұндай мақаланың құқықтық та, тілдік те маңызы болары сөзсіз.