ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК КОДЕКСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ (ҚР Еңбек Кодексіне талдау анықтамасының материалдары бойынша)
Кілт сөздер:
құқықтық мониторингі, еңбек заңнамасы, еңбек қатынастары, келісім комиссиясы, еңбек төрелігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, бәсекелестікті болдырмау туралы талап, жұмыс берушінің жауапкершілігіАңдатпа
Бұл мақала ҚР Еңбек кодексіне жүргізілген мониторингі нәтижелері бойынша орындалды.
Қазақстан Республикасы Заңнама институтының Құқықтық мониторинг орталығы еңбек заңнамасын жан-жақты және тиімді талдау жүргізу мақсатында қоғамдық, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдерімен Еңбек кодексінің қолдану мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кездесуін өткізді.
Талқылауға белсене қатысқан А.К. Надированың, Т.Т. Тілемісовтың, Д.М. Шалабаевның, Л.Ж. Ахмурзинаның, М.Х. Хасеновтың ұсыныстары мен ұсынымдары талданып мақалада пайдаланылды.
Мақалада көрсетілген заңнамалық актінің проблемарын талдау, оның жүйелілігі және қолданудың әлеуметтік маңыздылығы, оған құқықтық тетіктерінің сәйкестігін бағалау, сондай-ақ ҚР Еңбек кодексінің қолдану практикасын және үкіметтік емес ұйымдар материалдарын зерделеу негізінде келтірілген. Аталған талаптарды есепке ала отырып, ҚР Еңбек кодексін талдау кезінде, қолданыстағы заңнаманы қолдану практикасының қалыптастыруға ықпал ететін нормаларды түсіндірудің түрлігі және ақаулар анықталды.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру бойынша заң шығару жұмысында, сондай-ақ қарастырылатын ғылыми зерттеулерде құқықтық мониторингі нәтижелері пайдаланылуы мүмкін.