«ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Назгүл Маратқызы Акимова

Кілт сөздер:

Денсаулық сақтау кодекс, денсаулық сақтау, психиатриялық стационар, дәрі-дәрмек, дистрибьютор, мәйіттік донорлық, медициналық тексеру

Аңдатпа

2018 жылдың сәуір айында «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» ММ Құқықтық мониторинг орталығы қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексіне құқықтық мониторинг жүргізілді.

Мақалада аталмыш кодекстің қолдану практикасын, медициналық құқық саласындағы ғылыми зерттеулерді, шетелдік тәжірибені және үкіметтік емес ұйымдардың материалдарын зерделеу негізінде жасалған ҚРХалық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексініңпроблемалық мәселелеріне талдама көрсетілді.

Құқықтық мониторинг процесін жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасы Заң шығару институты» ММ Құқықтық мониторинг орталығы қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік органның және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу нәтижесәнде қатысушылар ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің нормаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарын әзірледі.Бұл ұсыныстар мақалада талданылды.

Осылайша, Денсаулық сақтау кодексіне құқықтық мониторинг жүргізу нәтижесінде денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін Денсаулық сақтау туралы кодексінде іске асыру мәселелері, «келісім беру туралы презумпцияның» негізіндегі мәйіттік донорлықты реттеу, ауысым алдындағы және кейінгімедициналық сараптама мәселелерін заңға тәуелді актілерде іске асыру мәселелері, сондай-ақ ұзақ мерзімді шарттың әрекет ету мерзімін белгілеу мәселелері айқындалды.

Мақалада жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу үшін келесі тұжырымдар мен ұсыныстар ұсынылды: 2016 жылдың қараша айында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тиісті дистрибьюторлық практика ережелеріне Кодекс нормаларын сәйкестендіру мақсатында, Кодексе «дистрибьютор» тұжырымдамасын және оған қойылатын талаптарды бекіту қажет, әрбiр азаматтың жасы кәмелетке толғаннан кейiн мәйіттік донорлық жөнiндегi келiсiмдi немесе келiспеушiлiгiн көрсетуге мiндеттi белгiлi бiр мемлекеттiк тiзiлiмдi енгiзу қажеттігі, және сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары мен медицина қызметкерлерінің осы тізілімде қайтыс болған адамның еріктілердің қайырымдылыққа деген ниетін тексеру туралы міндеттемесін енгізу, сонымен бірге мәйіттік донорлыққа қатысты келіспеушіліктерді білдіретін жақын туыстарының басымдықтарын заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылады және басқа ұсыныстар.

Осы зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша заң шығармашылық жұмыста, сондай-ақ қарастырылатын саладағы ғылыми зерттулерде қолданылуы мүмкін.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2018

##submission.howToCite##

Акимова , Н. М. (2018). «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(52). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/727