МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ РЕФОРМАЛАР
DOI:
https://doi.org/10.52026/1994-408X_2020_63_5_118Кілт сөздер:
университеттер, басқару жүйесі, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, мүдделі тараптар, реформа.Аңдатпа
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасында бірқатар ұлттық және мемлекеттік университеттер шаруашылық құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын нысанынан коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанына көшу үстінде. Қолданыстағы заңнамадағы мұндай жағдай азаматтық құқық ғылымындағы үлкен өзгерістердің бірі болды деп айтуға болады. Құқықтық мәртебесі өзгерген мемлекеттік университеттер ендігі кезде өздерінің басқару органдарын корпоративтік басқару сипатында дамыту үшін директорлар кеңесін, басқарма, ішкі аудит және өзге де органдарын құруда.
Осы тақырыпқа қатысты халықаралық ғылыми әдебиеттерді зерттеудің нәтижесінде, университеттің басқару моделін дұрыс таңдау оның тиімділігін арттыратынын байқадық. Зерттеу барысында басқару модельдеріне қатысты агенттік, сенімгерлік, корпоративтік және стейкхолдерлік модельдер теориясы қарастырылды. Нәтижесінде, қазақстандық мемлекеттік университеттерде корпоративтік басқару моделін енгізу көзделгеніне қарамастан, тәжірибеде сенімгерлік модельдің белгілері көрініс табатыны анықталды. Осы тұрғыдан қарағанда, реформаға ұшырап жатқан университеттердің басқару модельдерін әлі де ғылыми зерттеу қажет деген ұсыныстар жасалды.